Исатай ауданында 7 айда 345 сәби өмірге келді

whatsapp image 2021 09 14 at 10.39.32 Қоғам

«Исатай ауданында демографиялық​ көрсеткіште айтарлықтай өсім бар» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Исатай ауданы әкімі Полымбет Хасановтың айтуынша, биылғы жылдың алғашқы 7 айында 345 сәби өмірге келген.

«Өткен жылы осындай мерзімде 296 сәби дүние есігін ашқан болатын. Жалпы алғанда, ауданда демографиялық өсім байқалып отыр. Өлім көрсеткіші 32,3% -ға төмендеді. Бұл өмір сүру, көрсетілетін медициналық қызмет сапасының айтарлықтай артқанын көрсетеді» дейді спикер Полымбет Хасанов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз