АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІГІНДЕ ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Сұлтангубиев  Нәсіпқали Темірғалиұлы Атырау қалалық ветеринария бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды

 

Н.Т.Сұлтангубиев 1959 жылы Атырау облысында туған. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын  бітірген. Мамандығы – мал дәрігері.  

Әр жылдары Атырау облысы Құрманғазы ауданында мамандығы бойынша жұмыс жасаған.    

Тағайындалғанға дейін Атырау қалалық ветеринария бөлімінің нұсқаушысы қызметінде болды.           

Мақашев Қуанышбек Алтайұлы Атырау қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Қ.А.Мақашев 1980 жылы Атырау облысында туған. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін,  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетін бітірген. Мамандығы –  экономист-қаржыгер, сәулет бакалавры, құрылыс менеджері. 

Әр жылдары Атырау облыстық сәулет және қалақұрылысы бас-қармасында, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде мамандығы бойынша жұмыс жасаған.

Тағайындалғанға дейін «Атырау бас жоспары» ЖШС-де директор қызметінде болды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз