Атырауда емхана құрылысы жүзеге аспақ

screenshot 1 7 Медицина

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына келген сапарында «ескерткіштер қоя бергеннен гөрі спорт және медицина нысандарын салуға баса назар аудару қажет» екендігін айтқан болатын.

Президент бұған дейін де өңірлердегі денсаулық  сақтау нысандарының ескіргендігіне де назар аударған еді.

Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында биыл Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағынауданынан 250 орындық қалалық емхана құрылысының жоспарланып отырғандығы белгілі болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының құрылыс жөніндегі бас маманы Сүйеу Хайруллиннің айтуынша, нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы сараптамадан өткен. Аталған жоба Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын іске асыру барысында жүзеге асып отыр.

– Облыстық құрылыс басқармасы дайын құжаттарды денсаулық сақтау министрлігіне өткізіп, министрлік бюджеттік өтінім жасақтаған соң қаржы министрлігіне тапсырады. Қаржы министрлігі осы мәселе бойынша Үкіметтің кеңейтілген жиналысында ұсыныстарын дайындайды. Үкіметтен қолдау тапса, биыл қаржы бөліп, құрылыс жұмыстары бірінші жартыжылдықта басталуы мүмкін, – деді С.Хайруллин.

Президенттің тікелей тапсырмасына арқау болған нысан құрылыстары кешікпей жүзеге асады деп сенеміз.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз