ҚҰЛСАРЫДА НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?

screenshot 20220421 123424 Экология

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласын су басты. Жем өзені мен Құрсай өзегі тасыған, деп хабарлайды Экспресс К.

Құрсай өзегіне қар суы мол келіп, салдарынан сай-сала, қырат белдер суға толып, Құлсары қаласындағы бөгеттерді жарып өткен.

– Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Жеке тұрғын үйлер суға кету қаупі жоғары. Барлық су тасқыны қаупі бар учаскелерде аудандық Төтенше жағдайлар мен Полиция бөлімі қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметінде.

Түнде он тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Арасында төрт бала бар.

«Экспрес К»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз