Жаңалықтар

Жүкті әйел «жедел жәрдемге» жеткізілді

Бүгін, 19 мамырдағы түнде кезекшіліктегі құтқарушыларға Махамбет ауданы Сарытоғай ауылынан хабарлама түсті. Өр суының келуіне байланысты аудан орталығы мен ауылдың ортасындағы автожол қатынасы үзілген еді.

Құтқарушыларға хабарласқан ауыл тұрғыны 2003 жылғы жүкті келіншекке медициналық көмек керектігін айтып, көмек сұраған.

-Кезекшіліктегі төтенше жағдай департаменті қызметкерлері жүкті әйелді қайықпен аудан орталығына тасымалдап, «жедел жәрдем» қызметкерлеріне уақытылы жеткізді. Зардап шеккен адам жоқ, – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Майра ЕРҒАЛИ
Махамбет ауданы

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button