Жарнама
Жаңалықтар

Өр суы жол үстімен өткізілуде

«Атырау — Орал» республикалық маңызы бар тас жолының 71-шақырымында жол үстімен өр суы өткізіліп жатыр, — деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.

«Атырау-Орал» республикалық маңызы бар тас жолының 71 шақырымында (Махамбет-Ақтоғай ауылдарының арасы) 18 мамыр күні 21 сағат 05 минутта су көп мөлшерде жиналуына байланысты арнайы техникалармен тас жол бойындағы жасақталған бөгетті ашу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған ауыл тұстарына жиналған жайылымдағы суды жолдың екінші беті, яғни батыс жақ бөлігіне жіберілді.

Тас жол бойындағы жұмыстарға 2 ауыр техника жұмылдырылды.

Жайық өзені жағалауынан Атырау-Орал тас жолының ара қашықтығы шамамен 6-7 шақырымды құрайды.

Жағдай тұрақты, ауылдық елді-мекендерге қауіп жоқ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button