«Сары аймақтағы» Атырауда 52 адамнан коронавирус анықталды

09 COVID-19: Соңғы поштадан...

«335 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда» деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 41 жағдайы тіркелді.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында Covid-19 жұқтырған 4 адам, Индер ауданында 2, Мақат ауданында 3 адамнан, Исатай және Құрманғазы аудандарында 1 жағдайдан анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 25 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.


Өткен тәулікте облыста коронавирустан 113 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 473 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 111,
№2 облыстық ауруханада -108, фтизиопульманологиялық орталықта -18, аудандық инфекциялық стационарларда -60 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 38 адам емделуде.


Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «сары» аймақта қалып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз