ЖИЫРМА ҚОҢЫРАУ БІРДЕН СОҒЫЛДЫ

Еліміздің барлық мектептерінде соғылған алғашқы қоңырау үні Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясында да сыңғыр қағып, өнерлі өрендерді оқытып-тәрбиелеп келе жатқан оқу ордасы шәкірттеріне есігін айқара ашты. Биыл мұнда 515 оқушы білім алмақ. Бұрыннан оқытылып келе жатқан мамандықтардың қатарына актерлік шеберлік пен журналистика қосылып отыр.

 

Білім күніне арналған салтанатты шарада сөз алған облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан өңірдегі білім беру саласындағы  жетістіктерді атап өтті. Соның бірі – биыл облыстың отыздан астам мектебінің материалдық-техникалық базасы жаңартылғандығы. Назарбаев зияткерлік мектебінің ашылуы – соңғы жылдар бедеріндегі атап айтар жетістіктердің бірі.

Әнімен, биімен, қолөнерімен және көркемсуретімен көпті тамсандырып, жыл сайын әлемнің дүбірлі байқауларында жеңіске жетіп жүрген жас таланттар Білім күнінде де көзге түсті. Бұл күні Белоруссияда өткен өнер байқауынан екінші орын иеленіп келген «Қазына» тобы «Қаражорға» биін билеп, ән-жырдан шашу шашылды. Бір ерекшелігі, Кіші өнер Академиясына жаңадан қабылданған оқушылар түгелдей қолдарына қоңырау ұстай келіп, төңірек бір мезгілде әсем әуенге бөленді.

Құралай ОРАЗ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз