Сәуірде бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады

2022 03 14 201104184643a3714726d 1 Білім

1 сәуірден бастап ел мектептерінде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдана бастайды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, бірінші сыныпқа баруға өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz веб-порталында және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді.

Орта білім беру комитетінің бас сарапшысы Ерлан Маемеров бірінші сыныпқа ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке өтініші негізінде алты жастан бастап қабылданатынын, өтініштің өзі ерікті түрде ұсынылатынын атап өтті. Оған баланың денсаулығы туралы анықтама – №065/у, баланың денсаулық паспорты 026/у-3 және баланың 3*4 форматындағы фотосы (2 дана) керек.

«Өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сонымен қатар 1-2 сәуір демалыс күндеріне сәйкес келетінін ескерсек, түскен өтініштің барлығы 3 сәуірде қаралады», деді Ерлан Маемеров. 

Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады деп болжанып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз