«Prof Қадам» жобасы басталды

close up hands holding diplomas and caps 23 2148950575 Білім

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен Әбіш Кекілбайұлы атындағы №41 мектеп-гимназиясының бірлескен «Prof Қадам» атты тәлімгерлік және кураторлық жобасы басталды.

Аталған жоба болашақ мұғалімнің жеке тәжірибесін зерттеу және мектептегі тәрбие жұмысының идеясын түсінуіне көмектесу арқылы оның кәсіби шеберлігінің артуына қолдау көрсететін болады.

Болашақ мамандарға маңызды іс-шаралар, әсіресе сабақты бақылау үдерісін жүргізу, арнайы сабақты бақылау карталарымен және бақыланған сабақтарға кері байланыстар ұсыну, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруды үйретіп, сондай-ақ конференция, семинар, көрмелер, конкурстар мен кездесулерді өткізуге баулиды.

Жоба аясында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен №41 мектеп-гимназиясының арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум ынтымақтастық, екіжақты қызметті жақсартуға бағытталған бірлескен инновациялық жобаларды дайындау және өткізу, екі тараптың жинақталған мол тәжірибелері мен білімдерін бөлісу, болашақ мамандармен сұхбат, мұғалімнің мықты және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен жетістіктерін анықтауға өз септігін тигізеді. Теориялық білімді тәжірибемен ұштастыратын жоба қатысушыларына университет тарапынан шәкіртақы да тағайындалады.

– Болашақ мұғалімдерді ЖОО қабырғасында кәсіби бейімдеу үшін онда тек пәндік білім беріп қоймай, мектеп өмірін қамтып, оның педагогикалық үдеріс деңгейімен түсіндірілуі өзекті. Кураторлық тәжірибе жобасы жастарға көмек көрсетуді ұйымдастыру қажеттігін анықтай отырып, жас ұстаздарды тиімді қолдау құралы бола алады, – деді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айымгүл Қосалиева.

Қазір жобаға Атырау қаласындағы Әбіш Кекілбайұлы атындағы №41 мектеп-гимназиясында іс-тәжірибеден өтіп жатқан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 15 студенті мен оған бекітілген 15 тәлімгер мұғалім қатысып отыр. Олардың әрқайсысына сыныптар бекітілген.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз