Күзгі демалыс: Оқушылар бір апта демалады

students knowing the right answer 329181 14271 Білім

Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Күзгі демалыс 2023 жылдың 30 қазаны мен 5 қарашасын қоса алғанда жеті күнге созылады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. 

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспарын ұсынуда.

Іс-шаралар жоспарына:

– жоғары сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен бірлесіп ғылыми жоба жұмыстарының мазмұны бойынша ақпараттық-танымдық сабақтар, ЖОО-ның оқытушыларымен кездесулер ұйымдастыру, ғылыми жобалар туралы сұхбаттар өткізу;

– «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру аясында оқырмандармен кездесу ұйымдастыру және оқылған әдебиеттерді талқылау;

– «Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізу, «Педагог-бала-ата-ана» бірлесуімен отбасылық дәстүрлер туралы әңгіме жүргізу;

– Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл толуына орай «Қожа Ахмет Яссауи мұраларын оқу» тақырыбында оқушылар арасында эссе мен жобалық жұмыстар жазу;

– оқушылар арасында «Өнегелі өмір» тақырыбында эссе жазудан байқау өткізу, балалардың үздік жұмыстарын атап өту;

– оқушылармен және олардың ата-аналарымен бірлесіп «Денсаулық сақтаудың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, жақсы көңіл-күй, күйзеліске түспеу» тақырыбында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу;

– «Әкеге ізет, анаға құрмет» тақырыбында «Жас ақындар айтысы» байқауын ұйымдастыру, жеңімпаздарын марапаттау енгізілді.

Айта кетейік, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберіледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз