ЕЛУ ЖЫЛ ӨТКЕН СОҢ…

Таяуда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарих-филология факультетін 1964 жылы бітірген түлектер жиналып, өздерінің оқу бітіргендеріне 50 жыл толуын атап өтті.

Осыдан жарты ғасыр бұрын қолдарына дипломын ұстап, үлкен өмір жолына аттанған жас жігіттер мен қыздар бүгінде ақ сақалды ата мен ақ жаулықты әже атанған.
Кездесуге елге белгілі қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Атырау мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі болған Аманқос Қаржаубаев, отставкадағы подполковник, ішкі істер органдарының ардагері Манап Әбдірахимов, талантты спортшы, ҚР Білім беру ісінің үздігі Науқан Жұбанғалиева, комсомол қызметкері Мария Әбілтаева, мектеп директорлары болған Әміржан Сәрсемалиев, Әбіш Мұхамбетжан, Ғарифолла Дауылбаев, кезінде кәсіподақ ұйымының талантты ұйымдастырушысы атанған Зоя Шортабаева, Зәуре Жүнісова, ұстаздар Мария Доспаева, Жаңылсын Бекешова, Райхан Үмбетәлиева, бүгінде Алматыда тұратын Күләш Мұңғатова және басқа түлектер қатысып, әсерлі естеліктерімен бөлісті.
Жүздесу соңында А.Айталы, А.Қаржаубаев және М.Әбдірахимов өздерінің шығарған кітаптарын курстастарына тарту етті. Айтылған лебіздердің арасында орындалған концерттік нөмірлер де аға буынның көңілін көтерді. Кездесу көңілді, толқулы сезіммен өтті.

Диас НАУРЫЗӘЛИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз