Елімізде «TALIS-2024 халықаралық зерттеуі» жүргізілуде

202402121039 zz Білім

ТALIS – сауалнама негізінде жүргізілетін, мұғалімдер мен мектеп директорларының еңбек жағдайы мен мектептегі білім беру ортасын зерттейтін әлемдегі ең ірі халықаралық зерттеу.

Облыстағы 27 білім беру мекемесінің V-IX сынып пән мұғалімдері үшін ағымдағы жылдың 4 мен 15-ші наурыз аралығында «TALIS-2024 халықаралық оқыту мен оқу зерттеуі» білім саласындағы ауқымды зерттеуі өтуде. Ал оның ерекшелігі – қазақстандық педагогтердің нәтижелерін зерттеуге қатысушы әлемнің 47 елі мен аймағының нәтижелерімен салыстыруға мүмкіндік беруінде.

– Мұндай салыстырмалы халықаралық талдау педагог кадрлардың мықты және әлсіз тұстарын анықтауға, мектептердегі білім беру ортасы мен педагогтердің жұмыс жағдайына тәуелсіз баға алуына көмектеседі, – дейді облыстық білім беру басқармасының Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беруді дамыту бөлімінің бас маманы Дина Стамғали.

Мәлике МӘЛІК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз