БІЛІМ БЕРУ ТРЕНДІ: TOPIQ.KZ ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚЫТУ ПЛАТФОРМАСЫ

bilim Білім

Цифрлық білім беру жүйесіне көшу – заман талабы. Табысты цифрлық білім беруді құру еліміздің ғана емес, бүкіл әлемнің мемлекеттік саясатының маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Бұл мақалада біз білім беру процесіне сандық технологияларды тиімді енгізуге көмектесетін платформалардың бірі TopIQ.kz таныстыратын боламын.

Заманауи технологияларды енгізу процесінің басталуымен мектептердің білім беру мүмкіндіктері едәуір кеңейді. Атап айтқанда, қашықтықтан оқыту, инверттелген білім беру, білім беру платформалардың барлық түрлері, электронды оқулықтар жүйесі арқылы оқыту форматтары белсенді дамуда. Бұл білім алушының да, мұғалімнің да бір орынға ұтқырлығы мен байланысуын қамтамасыз етеді.

«TopIQ.kz –оқу процесін сапалы ұйымдастыру үшін ақпараттық технологияларды тиімді қолдану және мультимедиа көмегімен электрондық оқыту форматында білім алуға негізделген жаңа білім жобасы» деген тұжырымдамамен бастағым келеді.

Білім беруді цифрландырудың жаңа кезеңі TopIQ.kz – электронды оқытуды енгізумен байланысты деп есептеймін. TopIQ.kz – білімді дамытудың мемлекетіміз үшін білім сапасын көтерудің негізгі құралы болып табылады.

Елімізде білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі –  электрондық оқыту жүйесін енгізу. Жаңа бағдарламаның ерекшелігі – ол жаңашылдығы болып табылады. Атап айтсақ, бағдарламада білім беру саласына электрондық оқыту жүйесін енгізу жеке бір бағыт ретінде қарастырылған. Оқушылар кез келген білім беретін мәліметті қалаған уақытта алуына қол жеткізбек. Электрондық оқыту жүйесі арқылы ауыл және қала мектептеріндегі білім деңгейлерін теңестіріп, ойлау қабілеті жоғары және технологиялық жағынан сауатты оқушыларды дайындай аламыз. Мұғалімдер мен оқушылар ең үздік әлемдік білім ресурстарын пайдалану мүмкіндігіне ие бола алады.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында электрондық оқытудың мақсаты: білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Осы орайда «TopIQ.kz» электронды білім беру еліміздің білім жүйесіне қарқынды еңгізіліп отырған  оқытудың озық формаларының бірі болып келе жатыр. Оның ерекшелігі неде?

Біріншіден, кез келген жерден, кез келген құрылғы арқылы кіруге болады;

Екіншіден, ақпаратты іздеу мүмкіндігі, интерактивтілік;

Үшіншіден, Балл қоюда объективтілік, яғни тапсырмалардың күрделілігінің түрлі деңгейі;

Төртіншіден, оқу материалының көрнекілігінің жақсаруы, яғни өтіп кеткен материалдарды қайталау мүмкіндігі;

Сонымен бірге осы платформаның артықшылығы – қосымша ақпараттар арқылы мектептің порталын ашып, оқушы, мұғалім рейтингісі,  аудио және бейне тапсырмалар беру, қашықтықтан оқыту , ата-аналар, сынып жетекшілігі, т.б. мәліметтерді автоматты түрде енгізуге болатындығы.

Аталған платформаны Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп ұжымы да белсенді қолдануда. Атап айтсам осы жүйемен мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары үздіксіз пайдалана отырып, әр-түрлі байқауларда жүлделі орындардан көрінуі бірден-бір дәлелі деп білемін.

 Қорыта келе айтарым, оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. «TopIQ.kz» электронды оқулықтар платформасын сабақ барысында үздiксiз байланыста ұстай білсек, білім сапасының көтерілуінің үлкен мүмкiндiктер берері сөзсіз. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын «TopIQ.kz» электронды оқулықтар платформасы жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, ой-өрісі дамыған тұлға тәрбиелеуде таптырмас ресурс. Алдағы уақытта платформаны тиімді пайдалана білсек жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын. Сондықтан да барша ұстаздарды «TopIQ.kz» электронды оқулықтар платформасын пайдалануға шақырамын!

Кенжәлиев Қайырбек Жеңісұлы,

Атырау облысы Білім беру басқармасы,

Индер ауданы білім бөлімі

Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз