Қазақстанда қаржы және экономикалық реформаларды бақылайтын орталық құрылды

EGOV Басты жаңалық Ел жаңалықтары Жаңалықтар

Atr.kz/6 ақпан, 2020 жыл. Қазақстан Президенті Әкімшілігі жанынан әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз – хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Орталықтың құрамына экономика және қаржы саласы бойынша белгілі қазақстандық сарапшылар кіреді, негізгі мақсаты – реформаларды жедел жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар дайындау.

24 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығын құру туралы айтқан болатын.

“Орталыққа президент әкімшілігі басшысының әлеуметтікэкономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Т.М.Сүлейменов басшылық етеді“, – деп жазды Уәли фейсбукте.

Орталықтың құрамына экономика және қаржы саласы бойынша белгілі қазақстандық сарапшылар кіреді.

Институттың негізгі міндеті – бейтарап сараптама әзірлеу және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жедел жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар дайындау.

Тимур Сүлейменов туралы не білеміз?

Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде дүниеге келген. 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітіріп, 2002 жылы “Болашақ” бағдарламасымен Мэриленд университетінде іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша білім алған.

Әр жылдары экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, экономикалық даму және сауда вице-министрі, ұлттық экономика министрі қызметін атқарды. 2019 жылдың наурызында ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалып, көп ұзамай президенттің көмекшісі болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған