Айыбыңды мойындау да – азаматтық

Атырау стансасы ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері теміржол бойында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын ұдайы жүргізіп келеді. Алайда, теміржол бойындағы оқыс оқиғалар мен қылмыс, құқық бұзушылықтар азаяр емес.

«Борышкер» жедел іздестіру іс-шарасы барысында көлік нысандарында құқық бұзушылық жасағаны үшін азаматтардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктері түсіндірілді. Құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың айыппұлды өз еріктерімен төлеу қажеттілігі әңгіме болды. Әкімшілік құқық бұзушылық жасап, айыппұлды осы күнге дейін төлемей жүрген 29  адам  айыппұлдарын төлеп, мемлекетке біраз  кіріс түсірді.

Жуырда Атырау көлік прокуроры Берік Құлмағамбет осы мәселеге орай  «дөңгелек үстел» өткізіп, оның жұмысына Атырау облысы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы басшысының орынбасары Майра Батырхайырова, Атырау стансасындағы ішкі істер желілік бөлім бастығы, полиция майоры Нұрлан Жоланов,  инспектор,  полиция  лейтенанты Бекнұр Ізімов және Атырау көлік прокурорының прокуроры Жайран Сегізбаева қатысты. Басқосу барысында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты мәселе қаралды. Талдау барысында өткен 2015 жылы әкімшілік жауапқа тартылған 187 адамның әлі күнге әкімшілік айыппұл төлеу қажеттілігін ескермей отырғаны анықталды. Құзырлы орган алдында сол айыппұлдарды өндіру мәселелері қаралды.

Айгүл  ҚҰМАРОВА,

Атырау стансасындағы ішкі істер желілік бөлімі Әкімшілік полиция бөлімшесінің

аға инспекторы, полиция майоры.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз