«МЕНІҢ ТУЫМ, МЕНІҢ ОТАНЫМ!» патриоттық акциясы бастау алды

Айбын Жаңалықтар Рухани жаңғыру

Atr.kz/24 қазан, 2019 жыл. «NurOtan» партиясы Мемлекеттік Туды кеңінен насихаттау және қазақстандық жастар арасында патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында «Менің Туым, менің Отаным!» патриоттық акциясын қолға алған болатын.  

   Кеше партияның облыстық филиалы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы бірлесіп, Атыраудағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында аталған акцияны өткізді. Мұнда сөз алған «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев «Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің қоғамдық санасын және оң имиджін қалыптастыруға әсер ететін негізгі идеология көзі. Бүгін Қазақстанның Мемлекеттік туы БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде, сондай-ақ, бірқатар халықаралық ұйымдарда желбіреп тұрғаны – Тәуелсіздігінің жемісі» екеніне тоқталды.

    Облыс орталығында тұрақты өткізілетін түрлі авто-мото шерулердің, акциялардың, қоғамдық маңызы бар шаралардың ұйымдастырушысы «Мотоклуб «Wheels Brothers» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Олег Шмаль үлкен саяси маңызға ие бұл шара – әрбір қазақстандықты асқан патриоттық сезімге бөлейтінін айтты.

Шараға қатысқан Италия мен Германияда өткен Әлем кубогінің алтын және күміс жүлдегері, жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия пара ойындарының екі дүркін чемпионы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ержан Сәлімгереев спортшылар жеңістерінің арқасында Олимпиада ойындары мен әлемдік додаларда бейбіт өлкенің көк байрағы көк аспанда желбіреп, кеудеде мақтаныш сезімін ұялататынын атап өтті.

  – Көкірегімді ерекше мақтаныш сезімі билеп тұр. Барша атыраулықтарды аталған акцияны қолдауға және оны белсенді жүзеге асыруға ат салысуға шақырамын, – деді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының HR-менеджері Айгүл Бижанова.

   Ал, патриоттық акциясны жалғастыру ресми түрде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне жолданды.

Бақытжан ХАМИТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *