Тасқыннан зардап шеккендер мобильді қосымша арқылы көмек алуға өтінім бере алады

vcvcv Жаңалықтар

Елімізде су тасқынынан зардап шеккендерге eGov Mobile қосымшасы арқылы көмек алуға өтінім беру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. El.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған жоба Ақмола облысында жүзеге асырылуда.

Өтінім беру үшін мобильді қосымшаға кіріп, басты бетте «Су тасқынынан зардап шеккендер бойынша жаңа сауалнама» қызметін табу қажет. Ашылған терезеде зардап шеккендер туралы барлық қажетті деректер мен ақпаратты, соның ішінде банктік шотты, байланыс телефонын, оқиғаның мекенжайын, уақытша тұрғын үй мен зардап шеккен мүліктің болуын немесе болмауын, келтірілген залалдың сипаттамасын көрсету қажет. Барлық деректі толтырғаннан кейін сауалнамаға ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.

«Әлеуметтік көмек» автоматты ақпараттық жүйесі арқылы өтінім оқиға орын алған ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарға  түседі. Өңделген өтінімдер бойынша зардап шеккен мүлікке көшпелі бағалау жүргізіледі және қажетті қолдау көрсетіледі. Бағалауды жүргізуді бақылау сурет және бейнетүсірілім, сондай-ақ FSM social арнайы мобильді қосымшасы арқылы геофиксациялау арқылы тіркелетін болады, – делінген мәліметте.

Айта кету керек, енгізілген тетік барлық мәліметті цифрландыра отырып, төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету процесін толық мониторингілеуге және бақылауға мүмкіндік береді. Ведомстводағылар азаматтардың деректерін өзгелер өз пайдасына пайдаланып қоймас үшін тек eGOV Mobile ресми қосымшасын ғана пайдалануға кеңес береді. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз