Атыраудағы екі ауылдық округтің әкімі сайланады

103937 900x Жаңалықтар

Сәуірде Атырау облысына қарасты 2 ауылдық округтің әкімі сайланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңір әкімдігінің ресми сайтында жарияланған хабарламада жазылғандай, Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімінің өкілеттігі 4 мамырда, ал Махамбет ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің өкілеттігі 19 мамырда аяқталады.

Осыған байланысты 23 сәуірде аталған елді мекендердің әкімдерін сайлау өтеді.

Бұған қоса, таяуда мұнда мерізімінен бұрын тоқтатылған 4 және өкілеттік мерзімі аяқталатын 2 ауылдық округ әкімдерін сайлау өтуі мүмкін. Әзірге оның мерзімі белгіленген жоқ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз