Сайлау учаскесін қалай табуға болады? 

e750e75f 4236 43de 8c66 95a991ce7fe4 Жаңалықтар

Атырауда Президент сайлауына байланысты арнайы чат-мессенджерлер ашылған.

Азаматтарды ақпараттандыру бағытында Call-орталықтары жұмыс жасауда. Telegram каналының SailauAtyrauBot чаты, интернет-сайт арқылы тұрғындар өздерінің қай учаскеде тіркелегендігін біледі.

Сайлау бюллетеньдері 17-18 қарашада учаскелік комиссияларға жеткізіледі. 165 учаскеде сайлаушыларды тұрғылықты жері бойынша іздеу, облыс орталығының бес учаскесінде тұрақты тіркеусіз сайлаушыларды тіркеу жұмыстары жүреді.

Сондай-ақ, сайлау комиссияларының құрамдары мен орналасқан орындары, сайлау учаскелерінің шекаралары www.atyrau.gov.kz сайтында және облыстық «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттеріне жарияланған.

Арнайы 8 колл орталық пен 109 ақпараттық желісіне 4 мыңға жуық адам сайлау тақырыбына қатысты хабарласқан. Олардың басым бөлігі – сайлау учаскесі туралы сауал жолдағандар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз