Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі

37b72df6 f0b9 4e36 bd72 00b0561ff1a2 Жаңалықтар

Әдеп кодексі жалпы ережелер, мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары деп аталатын бес бөлімнен тұрады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді.

Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегіұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға міндеттейді.

Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс.

Мемлекеттік қызметшілерге мынадай талаптар қойылады:

-қарапайым болу жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау;

– мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру;

– заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау;

– азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмау;

– іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеу;

– лауазымдық міндеттерді атқаруға байланысты кез-келген сипатта құқыққа сыйымсыз уәделерді бермеу және құқыққа сыйымсыз міндеттемелерді алмау;

– жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын, сондай-ақ онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерінде, оның ішінде оларға өзінің көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбау;

– мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдаланбау;

– қызметтік міндеттерді адал орындауға кедергі келтіретін құқыққа сыйымсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді қудаламау.

Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің және оның аумақтық қазынашылық басқармалары  республикалық бюджетті атқару және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету, операцияларды есепке алу, мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттары мен шетел валюталар шоттары және де квазимемлекеттік секторларының субъектілері шоттары бойынша сапалы  қызмет көрсетеді.

Департаментте және аудандық қазынашылық басқармаларында  Бюджет Кодексінің нормаларына, бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне және басқа да Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес жұмыс жүргізілді.

Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің штат саны – 93 бірлік, оның ішінде Департамент бойынша 57 бірлікті құраса, аудандық қазынашылық басқармаларының штат саны көрсеткіші 36 бірлікті құрайды.

2023 жылы Қазынашылық департаменті және оның аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде-633 мемлекеттік мекемелер/квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызмет көрсетіледі, оның ішінде:

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын-49 мемлекеттік мекеме;

жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын-453 мемлекеттік мекеме;

жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджеттері-69 мемлекеттік мекеме;

квазимемлекеттік сектор субъектілері-7;

мемлекеттік  сатып алу субъектілеріне-55.

Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінде кемшіліктерді болдырмау, қазынашылықта кассалық қызмет көрсету жұмыстары сапасын арттыру мақсатында- қызметкерлердің біліктілігін арттыру, жауапкершілікті арттыру, кейінгі бақылауды күшейту үшін көптеген қызметтер атқарылып отырады. Оның ішінде:

Департамент басшы орынбасарлары және әр бөлім басшыларымен мемлекеттік мекемелердің қаржы қызметкерлеріне жұмыс барысы мен туындайтын сұрақтар бойынша семинар-кеңестер өткізіледі.

Атырау облысы бойынша  Қазынашылық департаменті қызметкерлері арасында үнемі  Әдеп жөніндегі уәкілімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша оқыту семинарлары, сонымен қатар қызметкерлерге жеке консультативті көмек  ұйымдастырылып отырылады. Қазіргі таңда Департамент қызметкерлері арасында Әдеп кодексіне қайшы келетін теріс қылықтармен тіркелген қызметкерлер сонымен қатар, азаматтардың немесе мемлекеттік қызметшілердің тарапынан құқықтарды қалпына келтіруге қатысты өтініштер болған жоқ.

Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің  Әдеп жөніндегі уәкілі:

Сеитова Айнур Ерсаиновна

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз