«ДЕЛЬТА» штаммы жастар арасында тарала бастады

c8c445762024a180cf2912234436c460 Жаңалықтар

Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Егер бұрынғы штаммдарды жұқтырған науқастардың жас ерекшелірі орташа есеппен 40-50 жастан жоғары болса, «үнді» штаммы жас талғамайтын көрінеді.

– Бұл штаммның жұғу ықтималдығы 90%. Бір ерекшелігі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің де, орта жастағы азаматтардың да жұқтыру көрсеткіші өте үлкен. Қазірдің өзінде «үнді» штаммын жұқтырғандар арасында 18 жасқа дейінгі балалар кездесіп отыр. Бұл дертті ауыздықтаудың бірден-бір жолы – ұжымдық вакцина алу, – деді Қайсар Абдалиев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз