Атыраулықтар әлем чемпионатынан жүлдемен оралды!

img 20220201 wa0029 Жаңалықтар

Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында ММА аралас жекпежектен әлем чемпионаты аяқталды.

Сайысқа 56 мемлекеттен 421 спортшы қатысқан болатын. Бұл сында жерлестеріміз де шеберліктерін көрсетті. Кеше атыраулық жанкүйерлер жүлдегерлерді әуежайдан сән-салтанатымен күтіп алды.

Әлем чемпионатында 52,2 келі салмақ дәрежесінде атыраулық спортшы Ерұлан Қабдолов пен 70,3 келі салмақ дәрежесінде Неймат Асадов қола медаль еншіледі. Ерұлан алғашқы кезде суінде мексикалық қарсыласынан басым түсіп, ширек финалда Үндістан елінің өкілін ұтты. Алайда, жартылай финалда тағы бір қазақстандық спортшы, екі дүркін әлем чемпионы Бағдат Жұбанышқа төрешілер есебімен жол берді.

Ал, Неймат алғашқы кездесуінде Ұлыбритания елінің өкілін жеңіп, ширек финалда бахрейндік спортшыдан басым түсті. Жартылай финалда төрешілер шешімімен қарсыласына есе жіберді. Осы әлем чемпионатында ақтөбелік Бағдат Жұбаныш ММА тарихында тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы атанып отыр. Жекпе-жектің үш раунды да қазақстандықтың басымдылығымен өткен.

Алмас ҚАБДОЛТЕГІ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз