Атыраулық оқушы халықаралық олимпиадада топ жарып, оқу грантын ұтып алды

183806119 1404921463220465 6586129263231293969 n Жаңалықтар

Атырау облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11- сынып оқушысы Ұлдай Есетова халықаралық “INFOMATRIX-ASIA 2021” байкауына, “Computer Art”-2D/ 3D animation категориясы бойынша алтын медаль иегері атанып, Сулейман Демирел университетінің 100% ішкі грант иегері атанды, деп хабарлайды Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Информатика пәні мұғалімі, жетекші Венера Қалидың айтуынша, байқау екі кезеңнен тұрған. Бірінші кезеңінде оқушылар жобаларын қорғаса, екінші кезеңде әр түрлі категориялар бойынша тапсырма жасаған. Айта кеткен жөн, жыл сайын Сулейман Демирел университеті әлемдегі ең білікті IT студенттерін біріктіру мақсатында халықаралық “INFOMATRIX-ASIA” компьютерлік жобалар байқауын ұйымдастырып келеді.

Байқау тек кәсіби шеберлікті дамытуға ғана емес, сонымен қатар көптеген елдердің студенттері мен оқытушыларын қатыстыру арқылы мәдениетаралық қатынастар мен ынтымақтастықты дамытуға да әсерiн тигiзiп келедi.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз