Атыраулық белсенді жастар облыс әкімдігінің жұмысымен танысты

zhastar 1 Жаңалықтар

Облыстық Ішкі саясат басқармасы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары Атырау облысы әкімідігіне келіп, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс әкімдігінің ғимаратына жиналған жастарды Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы мен облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова қабылдады.

Кездесу барысында Н.Жеңісбекұлы оқушыларға мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстары мен олардың маңыздылығын және әкімдіктің ішкі құрылымын түсіндіріп, қойылған сауалдарға жауап берді.

zhastar 2

-Адам дүниеге келгеннен бастап барлық қызметтерді осы әкімдік көрсетеді. Халықтың қажеттіліктерін өтеп, барлық жағдаймен қамтамасыз етіп отырады. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты екені бәрімізге белгілі. Жастар тарихи құндылықтар мен рухани қасиеттерге ұмтылып, өздерін өмір сүріп отырған заманға лайықтай білсе, көңілдегі көксеген мұратына қол жеткізу оңай болмақ, – деді Н.Жеңісбекұлы.

Іс-шараға үш тілде білім беретін дарынды балаларға арналған №30 мектеп-гимназиясының, жалпы білім беретін №43 орта мектеп пен Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицейінің және №34 көпсалалы мектеп-гимназиясының, №40 З.Қабдолов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты.

zhastar 3

Кездесу соңында оқушылар әкімдік ғимаратын аралап, мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстарымен танысты.

Сондай-ақ ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне барып, қызметтерін көрді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз