Атырауда көлік басқарып, ереже бұзған жасөспірімнің анасы айыппұл арқалады

3052a01217943ad8091a89e4f67a4e4a Жаңалықтар

14 жастағы жасөспірімді атыраулық полицейлер жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан.

28 сәуір 12:00 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері С. Датов-Канцев көше қиылысында “VIS 23470040” маркалы автокөлік жүргізушісінің қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқандығын байқап, патрульдік полицейлерге бағыттама берген.


Полицейлер тексеру кезінде көлік жүргізушісінің 14 жастағы жасөспірім екендігін анықтады. Ол басқарған көлік өзінің ағасына тиесілі.


Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабының 2 бөлігімен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы), ҚР ӘҚБтК-нің 593 бабының 2 бөлігімен (қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін) әкімшілік хаттамалар толтырылып, жүргізуші кәмелет жасқа толмауына байланысты, оның анасы 1973 ж.т. азаматшаға барлығы 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды.


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз