АТЫРАУДА АЛЫП ҚОРТПА АУЛАНДЫ (+видео)

img 20220419 132222 284 БЕЙНЕЖАЗБА

Бүгін, 19 сәуір күні шамамен сағат 8.30-да «Амангелді атындағы» ЖШС «Кіші дамба» балық аулау уаскесінен салмағы 190 килограм бекіре тұқымдас қортпа (белуга) балығының аналығын аулады.

Аталған серіктестік оны Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытына тапсырды.

Айта кету керек, 2021 жылдың 29 наурызында Жайық өзенінен 150 кило қортпа балығы ауланған болатын. Одан 20 кило уылдырық алынған еді.

Сондай-ақ, былтыр «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» мен «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» Жайық өзенінен 304 дана (оның ішінде 92 аналық) бекіре балығын аулады. Сонымен қатар, қос зауыт та Жайық өзеніне 7 869,0 мыңнан астам бекіре тұқымдас балық шабақтарын өсімге жіберді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 113,394 данаға артық (2020 ж. 7755,606 мың дана).

Бұдан бөлек, «Актау Балык LTD» ЖШС мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Жайық өзеніне 1 109,0 мың дана бекіре тұқымдас балық шабақтарын жіберді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

img 20220419 132222 306
img 20220419 132222 312
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз