Тұщықұдықтағы жаңа спорт кешені биыл пайдалануға беріледі

img 20220923 wa0006 Спорт

Бұл туралы Исатай аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жұмажан Сыдихов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысын жүргізуші мердігер мекеме «АС Құрылыс» ЖШС. Жұмыстар осы жылдың маусым айында басталған болатын. Қазіргі уақытта нысанның 60 пайыз жұмысы аяқталды. Жоспар бойынша кешен желтоқсан айында пайдалануға берілмек.

– Спорт кешенінің ішінде үлкен ойын алаңы, жаттығу залы жаттықтырушылар мен медицина қызметкерлерінің бөлмелері бар. Сондай-ақ ұлдар мен қыздарға арналған жуынатын жер де қарастырылған. Оған қоса жобаға сәйкес спорт кешенінің сыртқы бөлігінде кіші футбол алаңы салынады, деді Ж.Сыдихов.

Сонымен қатар ол ауыл жастары арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында осы жылдың шілде айында Тұщықұдық ауылы Разведка мөлтек ауданында кіші футбол алаңы пайдалануға берілгенін де жеткізді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз