Теннистен Дэвис кубогі: Қазақстан – Аргентина матчын Тимофей Скатов есепті теңестірді

img 5830 Спорт

Росарио қаласында Дэвис кубогі іріктеу кезеңі аясында Қазақстан – Аргентина матчында Тимофей Скатов таразы басын теңестірді.  

Корт иелері ең күшті ойыншыларын шығарғандықтан, матчтың айқын фавориттері аргентиналықтар еді.

Жарыстың бірінші күні алдымен АТР рейтингісінде 338-орында тұрған Дмитрий Попко әлемнің 22-ракеткасы Франсиско Серундоломен сынға түсті.

Бәсеке Ф.Серундолоның басымдылығымен өтті – 7:5, 6:2. 

Екінші болып кортқа рейтингіде 278-орындағы Тимофей Скатов әлемнің 28-ракеткасы Томас  Мартин Этчеверримен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Т.Скатов есеп 5:4 болған мезетте брейк жасай алды – 6:4. 

Екінші сетте есеп 6:5 болған мезетте Тимофей тағы бір брейк жасап, жеңісті жұлып алды – 7:5. 

Екі сағат 21 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Скатов эйс жасамағанымен, 7 брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды. Қарсыласы 5 эйспен ғана көзге түсті.

Осылайша, Қазақстан – Аргентина матчында есеп теңесті – 1:1. 

Жексенбі күнге бір жұптық, екі жекелей сында ойындар белгіленген. Үш жеңіске қол жеткізген команда Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне жолдама алады. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз