Жарнама
Қоғам

Гуманитарлық пунктте азық-түлік қоры жеткілікті

Төтенше жағдай басталғалы бері Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді. Жылыой аудандық гуманитарлық көмек орталығында 60-қа жуық ерікті тұрғындарға азық-түлік таратуға жұмылдырылған, — деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.

Құлсары қаласындағы еріктілер штабының жетекшісі Жанаргүл Шарғабаеваның айтуынша, бүгінде пунктте азық-түлік қоры жеткілікті.

– Халыққа азық-түлікті белгілі бір кесте бойынша таратамыз, 500-ге жуық отбасын барлық қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырмыз. Қазір 20 тонналық фурамен Атыраудан гуманитарлық көмек келді, оларды 4 пункт арқылы таратудамыз. Бүгінде ұн, мұздатылған құс етінің, жұмыртқа, жарманың, жаялық пен төсек жабындысының қоры жеткілікті. Ұзақ сақталатын азық-түлік, гигиеналық құралдар мен тұрмыстық химиялық заттардан тұратын гуманитарлық көмек Жылыойға облыс орталығынан келуде, — деді спикер Ж.Шарғабаева.

Төтенше жағдай басталғаннан бері Жылыой ауданына 1 мың тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button