Доссорлық Ұлықбек Әбілхайыр Еуропа кубогін иеленді

img 20240317 wa0151 Спорт

Латвия астанасы Рига қаласында 16–17 наурыз күндері дзюдодан ересектер арасында ашық Еуропа кубогы өтті. Әлемнің 28 мемлекетінің спортшылары бақ сынаған бәсекеде 60 келі салмақта доссорлық Ұлықбек Әбілхайыр қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды.

Жарыс жолын екінші айналымнан бастаған Ұлықбек Нидерланды, Словакия, Ұлыбритания спортшыларын жеңіп, финалда қазақстандық Шерзод Давлатовпен кездескен болатын. Ақтық сында Ұлықбектің айы оңынан туып, жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, Ұлықбек бүгінде өзі тәрбиеленіп шыққан Доссор балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы боп қызмет атқарады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз