Атыраулық спортшы «Paris Grand Slam 2023» турнирінің күміс медаль иегері

a293b1da f728 4776 bb2f dba121a6312c Спорт

Атыраулық Ғибрат Әмірше Парижде өткен джиу-джитсудан әлемдік Grand Slam турнирінде күміс медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Францияның Париж қаласында джиу-джитсудан «Paris Grand Slam 2023» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Аталған жарысқа 26 елден 900 спортшы қатысты. Ал Қазақстаннан 11 дюздошы татами төрінде бақ сынады.

Спорттық доданың файтинг бөлімі бойынша 56 келі салмақта жерлесіміз Ғибрат Әмірше күміс жүлдеге ие болды. Ал жалпы есепте отандастарымыз халықаралық турнирде 2 алтын, 1 медальге қол жеткізді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз