Жастар ерекше қабылдап еді…

5333b8ed 8265 4327 9058 0d0cfa8cb627 Саясат

1990 ЖЫЛҒЫ 25 ҚАЗАНДА ҚАБЫЛДАНҒАН ЕЛДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕГЕМЕНДІГІ ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫ ТАЛҚЫЛАУ МЕН ҚАБЫЛДАУ ІС ЖҮЗІНДЕ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ АЛҒАШҚЫ МЕКТЕБІ БОЛДЫ. ОСЫ МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ КЕЙІННЕН ШЫН МӘНІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҚ ДАМУЫ МОДЕЛІНІҢ ЖОБАСЫН АЙҚЫНДАП БЕРДІ.

Оны қабылдаған уақытта мен Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтында «КСРО тарихы» кафе- Драсында жас оқытушы едім. Жастар, жалпы атыраулықтар арасында бұл тарихи жаңалық ерекше сезілді. Қала зиялылары арасында теміржол емханасын басқарған елжанды азамат, дәрігер Халел Сағынның ұйымдастыруымен бірнеше мәрте басқосу өтіп, тарихи және ұлттық құндылықтар, саяси өмір, демокра- тияландыру ісі талқыланды.

Сол жылғы 16 желтоқсан күні институттың жас оқытушысы Сайполла Сапанов «Құрдастар» студенттік асханасы алдында сту- денттер мен оқытушылар, қала жұртшылығының қатысуымен ми- тинг өткізді. Ал, №2 студенттік жатақханасы кеңесінің төрағасы Киікбай Жаулин Гурьев қалалық партия комитетінің екінші хатшы- сымен балама ретінде қалалық кеңес депутаттығына сайлауға түсті. Міне, Декларациядан ескен жылы леп деп осыны айтуға болады.

Шын мәнінде «Мемлекеттік егемендік туралы Декларация» тәуелсіз дамуымыздың тарихи ба- стауы болды. Біз әрқашан осы күнді құрметтеп, ұрпаққа аманат етуіміз керек.

Елдің мұнайлы орталығы – Атырау өңірінің халқын осынау мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Лескали БЕРДІҒОЖИН,

Х. Досмухамедов атындағы Атырау университетінің профессо- ры, тарих ғылымдарының докторы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз