«Қиын күндер артта қалсыншы…»

praprara Саясат

– Отыз жыл біраз ғұмыр. Қазір жаңадан таң атып келе жатқандай күйдеміз. Заманымыз жақсарса екен. Кезінде кәмелетке толған бір адам бос жүрмейтін еді. Ал қазір бос сандалып жүрген адамға «сен неге бос жүрсің» деп ешкім жағдайын сұрамайды. Дегенмен, қазір сәл болса да ілгерілеушілік байқалады. Шүкір, жолдасым екеумізден тараған оншақты ұрпағымыз өз нәсіптерін өздері тауып жүр. Жолдасым екеуміз де құс фабрикасында 30 жылға жуық еңбек еттік. Мен бұл саяси оқиғаға Қазақстанның азаматы ретінде бей-жай қарай алмаймын. Референдумның өзге сайлаулардан өзгешелігі де сол, елдің жаңаша дамып, болашағымыздың жарқын болуы үшін өтіп жатыр.

Әр қазақстандық конституциялық құқын сезініп, өз үлесін қосу мүмкіндігіне ие болып отыр. Тәуелсіз еліміздің Ата Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдумға өз үлесімді қосуды азаматтық борышым санаймын. Бүгінгі күніміздің ертеңгі күні тарихқа айналары сөзсіз, – деді №55 референдум учаскесінің тіркелушісі, зейнеткер Амангелді Ихсанов.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз