Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Мажарстан Премьер-Министрін қарсы алды

801197ec ce8d 4d79 b590 344671d04ae2 Саясат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанды қарсы алды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Қарсы алу рәсімі салтанатты рәсімдер залында Құрмет қарауылының сап түзеуінен басталды. Қарауыл бастығы Мемлекет басшысы мен мәртебелі мейманға баянат берді.

Осыдан кейін Президент оркестрі екі елдің әнұранын орындады. Одан әрі Виктор Орбан мен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына қарай жүрді.

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, ілтипат білдірді. Бұдан кейін екі ел басшылары Құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді.

Мажарстан Премьер-Министрі Құрметті қарауыл бастығымен қоштасып, Қ.Тоқаевпен кездесуге өтті. Еске салсақ, кеше кешке Виктор Орбанды Астана әуежайында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин күтіп алған болатын.

60689751 1622 46b6 a27b 1370e5cc8205

Қазақстан басшылығымен келіссөз барысында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.

Айта кету керек, Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті өтеді.

Оған Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан президенттері, бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстан басшылары қатысады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз