«НҰРЛЫ ЖОЛ» – ҰРПАҚ ҮШІН!

«Нұрлы Жол» бағдарламасындағы жобалар бүгінгінің ғана ісі емес, ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын болады». Бұл Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің жетекші телеарналар тілшілеріне берген сұхбатында айтқан сөздері. Шынымен де, ұлтымыздың кемеңгер көсеміне айналған Елбасының бұл жолғы сұхбаты тарих болып хатталып үлгерген кешегі күндерге есеп беріп, алдағы істерге бірігіп кірісу керектігін айқын аңғартқандай болды. Журналистер де өздерін сұхбат алаңында еркін сезініп, кезекпен-кезек сауалдарын жолдап отырды.

 

Президент әр сөзінде өткенге салауат айтып, ертеңнен үміт үзбеуді еске салып отырды. Айтса айтқандай, осы күні тамағы тоқ, уайымы жоқ ұрпақ өсіп келеді. Бұл үшін де олардың өзінен бұрын аға буын бақытты. Оқып, білім аламын дегендерге қазіргі заманғы білім ошақтары, спортпен айналысып топ жарғысы келетіндерге зәулім спорт сарайлары, өнерімді шыңдаймын дегендерге түрлі мәдени орталықтары дайын тұр. Бүгін елімізде жайлы тұрмыс кешу үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. Кейде сол байлықтың бағасын білмейтіндер де арамыздан табылып жатады. Бар игілікті біз өзіміз үшін жасаудамыз. Сондықтан Көш-басшымыз бастаған Қазақ елінің жас өкілдері қолда бар алтынның қадірін біліп, өздеріне артылған сенімді ақтауы қажет.

Жасұлан кенешов,

«Жас қыран» жеке мекеме директоры.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз