ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫ – ДӘСТҮРІНДЕ

Кеше Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Көкшетау қаласында кездесу өткізді.

Алғашқы іс-шара «Көкше» Академиясында өтіп, студенттер қауымымен пікір алмасуға ұласты.

 

Кездесуді ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Б.Д.Мәжитов жүргізіп отырды.

Тұрғын Сыздықов өз сөзінде батыстық мәдениеттің бүгінгі жастарға көлеңкелі ықпалы туралы ойларын ортаға салды.

«Голливудтық фильмдер мен батыстық компьютерлік ойындар зорлық-зомбылыққа толы. Бүгінде батыстық мәдениеттің негізінде не жатыр? Зорлық-зомбылық пен өңшең адамгершілікке жат қылықтар. Оларда өзін-өзі жетілдіруге, дамытуға деген құлшыныс жоқ.

Батыстық тамақтану жүйесі де бұзылған. Мысалы, өлшеусіз көлемде фаст-фуд тұтыну адамдардың денсаулығына қауіп туғызып отыр. Бұл жүйе аз шығынмен мол табыс табуды ғана мақсат тұтады. Зиянды азық-түлікті тұтынудың салдарынан түрлі ауру-сырқаулар көбеюде.

Дұрыс тамақтанбау және салауатты өмір салтын ұстанбаудың кесірінен семіздік, ақыл-естің ауытқуы сынды түрлі дерттерге шалдыққан елдер рейтингінде Батыс мемлекеттері алда келеді», – деп атап өтті Т.Сыздықов. 

Сондай-ақ, Тұрғын Сыздықов «Көкшетау минералды сулары» ЖШС жұмысшыларымен кездесті.

Іс-шараны ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Б.Д.Мәжитов ашты.

«Барлық компьютер ойындарында балалардың санасына агрессия тудыратын вирустар бар. Батыстан ескен зорлық-зомбылыққа негізделген насихат адамды ақыл-естен, парасаттан айырады. Шетелдік киім-кешек, музыка, фильмдер мен сериалдар жастарды дуалап қойғандай. Батыстық өмір сүру салтының кесірінен бала туу деңгейі төмендеп, жастар отбасы жауапкершілігінен қашуда. Тіпті, Батыстағы мультфильмдердің де түр-тұрпаты жоқ кейіпкерлері бір-бірін балағаттап, қырып-жойып жатады. Мұның бәрі жоғарыда атап өткен күрделі мәселелердің бірден-бір себебіне айналды. Дәл осындай батыстық өнімдер балаларымызды қатыгездікке, арсыздыққа тәрбиелеуде. Голливудтық стандарттардың бәрі тек табыс табуға негізделген. Соның салдарынан Батыста адамдар бір-бірімен араласудан қалды», – деді Т.Сыздықов. Ол жастарды ұлттық дәстүрлерді ұстануға шақырды.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз