«ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІ ДЕ, ҮМІТІ ДЕ ЗОР» (+фото)

fb img 1652935851067 Саясат

«Ақ жол» партиясынан сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев Атырау облысына іссапарын қорытындылады.

Алдымен, ол 5 маусымда өтетін республикалық референдум аясындағы жергілікті тұрғындардың ой-пікірімен, ұсыныс-тілектерімен танысып шыққанын айтты.

«Сайып келгенде, атыраулықтар референдум мен Ата Заңға енгізілгелі отырған өзгерістерді қолдайтындарына куә болдым. Алдағы уақытта халық батыл реформалардың жүзеге асуына сенім білідріп, үлкен үміт күтеді. Ендеше, біздің, халық қалаулыларының міндеті – сол сенімнен шығу. Атқарушы билік пен халықтың өзара үйлесімді жұмысының жемісі болады. Көп кешікпей қарапайым халық мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына өз үлесін қосып, тиімді заң жобаларын қабылдауға атсалыса алады деп ойлаймыз» деді Серік Сәрсенұлы.

Осыдан кейін «Ақ жол» партиясының 20 жылдық мерейтойы аясында партия жұмысына белсенді араласып, жан-жақты дамуына септігін тигізген бір топ ардагерлер мен азаматтар арнайы мерейтойлық медальдармен марапатталды.

Амандық АБДОЛ

fb img 1652935853632
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз