Атырауда 225 мыңнан аса гектар жер телімі кері қайтарылды

50fa8179 6065 4055 a1f4 ec1ae0096e0f Саясат

Атырау облысында​ ​ 225 мыңнан аса гектар жер телімі мемлекет меншігіне кері қайтарылды, – деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Бұл туралы «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда өткен депутаттық форумда айтылды. Былтырғы атқарылған жұмыстар талданып, биыл алға қойылған межелер сараланған жиынға​ облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев пен барлық​ деңгейдегі депутаттар қатысты.

500a25e5 d85f 4f35 9bb2 fcc26233586d

Айта кету керек, Атырау облысында «AMANAT» партиясының 106 бастауыш партия ұйымы жұмыс жасайды. Олардың құрамында 24 мыңнан аса мүшесі бар. Биыл партия​ қатарына 1 мыңнан аса адам қосылды.

Партияның өңірлік филиалының атқарған жұмысы аз емес. Соның ішінде партиялық жобалардың негізінде жүзеге асқан жұмыс жетіп артылады.

00b308aa 5982 4145 aa90 0b1c9e4a1cd5

Мәселен, облыс тұрғындары «Ауыл аманаты» жобасына белсенді қатысып, қызығушылық танытты. Оның ішінде 1,5 млрд. теңгені құрайтын 192 жоба мақұлданып,​ несие​ берілген.

Бұдан басқа партия филиалы жанындағы өңірлік «Жер Аманаты» комиссиясының ықпалымен былтыр облыс бойынша жалпы көлемі​ 225 мың 662 гектар жайылымдық жер мемлекет​ меншігіне​ қайтарылды.

-​ Былтыр «Ауыл аманаты» жобасы бойынша облыстағы қолға алынған құжаттардың жоғары мінберлерде қорғау кезінде екі мәрте өтпей қалғаны рас. Биыл бұл жобаның жан-жақты нақтыланған нұсқасын дайындау қажет. Өткен жылы орын алған олқылықтар қайталанбауы тиіс, – деді «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов.

Сонымен қатар жиында партияның «Жол картасында» белгіленген жобаларды жүзеге асырудың тұрақты бақылауда екені басым айтылды.

-«Жол картасының» орындалысы бойынша Атырау қаласы және барлық ауданда фракция отырысында аудан әкімдерін тыңдау жұмыстары жүріп жатыр.

Есепті кезеңде облыстық фракцияның -​ 3, аудандық, қалалық фракциялардың​ 21 отырысы өткізіліп, атқарушы органдарға тиісті ұсыныстар жолданды.​ Алдағы уақытта «Жол картасының» депутаттармен келісілген және облыстық филиал Саяси кеңесінің Бюросы бекіткен бағыттары бойынша  жүйелі жүзеге асуын сұраймын. Бұл үшін партиялық бақылауды күшейту маңызды. Осы бағытта халық сенімін ақтау әрбір депутаттың басты міндеті екенін әсте ұмытпаған жөн. Ал мұның барлығы атыраулықтардың өмір сапасын кешенді жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы өмірлік ортаны қалыптастыру мақсатын көздейді, – деді А.Идресов.

Сондай-ақ алқалы басқосуда халық қалаулылары облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, қоғамдық тыңдауларды ашық форматта өткізіп, мұнда тұрғындардың жанайқайының қатаң ескерілуі қажеттігі және қызылшаға қарсы күресте екпе алудың маңыздылығын насихаттауға белсенді ат салысу туралы мәселелерді жан-жақты көтерді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз