Атқарылған іс АЗ ЕМЕС, алда үлкен МІНДЕТ БАР

sadik Саясат

БИЫЛ ЕЛІМІЗ ҮШІН ҮЛКЕН САЯСИ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ТОЛЫ БОЛДЫ. ЖЫЛ БАСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖАҢА САЯСИ РЕФОРМАЛАР ЖАРИЯЛАДЫ. ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» ИДЕЯСЫ ӨМІРГЕ КЕЛДІ. БИЫЛ ПАРТИЯМЫЗ ДА ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ҚАДАМ БАСЫП, ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ. АТАУЫ «AMANAT» БОЛЫП ӨЗГЕРІП, ЖАҢА ІРІ ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛҒА АЛДЫ. ЕҢ АЛДЫМЕН, БҰЛ ӨЗГЕРІСТЕР ОТАНДАСТАРЫМЫЗДЫҢ ТҰРМЫС ЖАҒДАЙЫНЫҢ, ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ШЕШІЛУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТУІ ҚАЖЕТ.

Қалалық филиалда 8920 партия мүшесі бар. Олар 30 бастауыш партия ұйымына біріктірілген. Жыл басынан бері 78 адам партия қатарына қабылданды. Қоғамдық кеңестер саны азайып, жұмысының сапасы артты. Биыл жарты жылда филиал тұрғындардың талап-тілектерін басты назарда ұстап, соған сəйкес бірқатар жұмыстар атқарды. Жыл басынан бері 2 конференция, Саяси кеңес Бюросының екі мəжілісі өтті. Қалалық мəслихаттағы «Amanat» партиясы фракциясының 3 отырысы өтіп, партияның 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Əр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының Атырау қаласы бойынша орындалуы талқыланды.

О н ы ң о р ы н д а л у ы н б а қ ы л а у мақсатында 5 қоғамдық кеңес құрылды. Олар: əлеуметтік мəселелер, аумақтық даму, жастарды қолдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер жəне партиялық бақылау комиссиясы. Жарты жылда 9 рет қоғамдық кеңестердің отырысы өткізіліп, онда 18-ден астам мəселе қаралды. Партиялық бақылау комиссиясының мəжілісі тұрақты түрде өткізіліп, күн тəртібінде əлеуметтік маңызы бар жəне партиялық тəртіпті қадағалау мəселелері қаралды. Атап айтқанда, сайлауалды бағдарламаның «Жол картасында» көрсетілген 9 балабақша құрылысына зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, əлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру, қала мектептерінің жай-күйі, қалаішілік жолдар жағдайы, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуы мəселелері қаралды. Сайлауалды бағдарламаның жүзеге асуы – партияның басты назарында. «Amanat» партиясының бастамасымен қала тұрғындарының ұсыныс-пікірлеріне сəйкес қазір 1360 орынға арналған 3 мектептің (М.Жұмабаев атындағы орта мектебі, Ақжар-2, «Балауса» шағынауданы) құрылысы, сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік əріптестік негізінде салынып жатқан 290 орындық 9 балабақша («Самал» шағынауданы, Еркінқала ауылы, А.Байтұрсынов көшесі, Сұлтан Бейбарыс даңғылы, «Береке» батыс, «Береке» шығыс, «Нұрсая» шағынаудандары, Ақжар ауылы, В.Белинский көшесі) биыл пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, Дамбы, Химпоселок, Ақсай, Бірлік ауылдарында көп функционалды спорт кешендерінің құрылысы жүруде. Партияның ұсынысымен қаладағы жол сапасын жақсарту мақсатында (Еркінқала, Еркінқала -2, Ракуш, «Балауса» елді мекендерінде) жол салу, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Партия аталған жобалардың сапалы əрі уақытында ел игілігіне берілуін басты назарда ұстайтын болады.

П а р т и я л ы қ ж о б а л а р д ы ң маңыздылығы артуда. «Amanat»-тың партиялық жобаларының аясында арнайы республикалық жəне қалалық желілік кесте бекітіліп іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде «Ардагерлерді ардақтайық!», «Бақытты отбасы» жобалары аясында бірқатар қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында құрылған мониторингтік топ Атырау қаласындағы нысандарға зерделеу жүргізді. Оның аясында мүмкіндігі шектеулі жандар көтерген мəселелер бойынша арыз-ұсыныстар қабылданып, тиісті мемлекеттік мекемелерге жолданды. Тоқсан сайын тұрақты түрде кездесулер өткізу жолға қойылған. Партия «Ауыл Аманаты» жобасын қолға алды.

Шілде айында «Amanat» п а р т и я с ы С а я с и м е н е д ж м е н т академиясының ұйымдастыруымен өткен семинарға қала аумағындағы ауылдық округ əкімдері қатысты. Ауыл тұрғындарының табысын, ə л – ауқатын арттыруға арналған кешенді жоба облыс орталығында жүзеге асатын болады. Партияның негізгі ұстанымы – ашықтық, тұрғындар көтерген түйткілді мəселелерді дер кезінде шешу. Өткен жартыжылдықта қалалық филиал Саяси кеңес, фракция мүшелері, партия белсенділері қала тұрғындары мен еңбек ұжымдарында 100-ге жуық əртүрлі форматтағы кездесулер өткізіп, 200-ден астам ұсыныс, пікірлерін жинақтап, мемлекеттік органдарға тиісті мекемелерге жолдады. Əрбір мəселенің шешілуін партия назарда ұстайтын болады. Қоғамдық қабылдау – партияның азаматтармен тығыз байланыс орнататын орны.

Қалалық филиалда тұрғындарды жеке мəселелерімен қабылдау, қала басшылары, мəслихат депутаттары, құқық қорғау, дербес бөлімдер басшыларының қабылдаулары жүйелі түрде өткізіліп келеді. Негізгі мақсаты – қабылдау бөлмесіне келіп түскен өтініш, арыз-шағымдар мен ұсыныстарды аяқсыз қалдырмай, тиісті мемлекеттік мекеме жəне құқық қорғау органдарына жолдап, белгіленген мерзімде жауаптарын беру жəне өтініш иелерін өзекті мəселелері бойынша құзырлы орган басшыларымен диалог алаңдарын ұйымдастыру. Филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгінген 306 тұрғынның 91-іне заң аясында кеңес беріліп, 207 азаматтың мəселесі оң шешімін тапты. Жалпы партияның қоғамдық-саяси жұмыстарын насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен əлеуметтік желілерде 300-ге жуық посттар мен мақалалар жарық көрді.

Партия жастармен жұмысты жүйелі жолға қойды. «Amanat» партиясының жастар қанаты «Жастар рухы» болып өзгерді. Шілде айында жастар қанатының кезектен тыс VI съезі өтіп, жастар қанатын трансформациялаудың жаңа бағдарламасы қабылданды, орталық кеңестің құрамы өзгерді. Бұл өзгерістер жастармен жұмыстың белсенділігін арттыруға, олардың қоғамдағы түйткілді мəселелерінің шешілуіне жаңаша бетбұрыс əкелері сөзсіз.

Ж а ң а р у д а н ө т і п ж а т қ а н партиямызды алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Жаңа жобалар, тың бастамалар халық игілігіне жарауы үшін белсенді жұмыстар жалғасын т а б у ы т и і с . П а р т и я л а с т а р д ы қаламыздың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, жаңа бастамаларды ж ү з е г е а с ы р у ғ а а т с а л ы с у ғ а шақырамын.

Бейбіт МЫРЗАҒАЛИЕВ,

«AMANAT» партиясы Атырау қалалық филиалының атқарушы хатшысы, қалалық мəслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз