«Агроөнеркәсіпті субсидиялаудың ұзақ мерзімдік жаңа тәсілдерін әзірлеу керек»

f65f9ccd9b402bbbe8ea87755ed24bb9 Саясат

Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет.

Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек. Мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейді. Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек», – деді Президент.

Айта кетейік, Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында жетінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясын ашып, халыққа Жолдауын жариялап жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз