АҚТӨБЕ–АТЫРАУ– АСТРАХАН жолы қашан пайдалануға беріледі?

photo 387909 СарапTime

ЕЛІМІЗДІҢ БАТЫС ӨҢІРЛЕРІН РЕСЕЙ АРҚЫЛЫ ЕУРОПАМЕН ЖАЛҒАЙТЫН АҚТӨБЕ–АТЫРАУ– АСТРАХАН АВТОМАГИСТРАЛІ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА БІРАЗ УАҚЫТ ӨТТІ. АЛАЙДА, БҰЛ ЖОБАНЫҢ ТАПСЫРЫЛУ МЕРЗІМІ ТҮРЛІ СЕБЕПТЕРМЕН ҮШ МӘРТЕ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖУЫРДАҒЫ ЖОЛДАУЫНДА ОСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЛІК ДӘЛІЗІНЕ АРНАЙЫ ТОҚТАЛЫП, БІРҚАТАР СЫН-ЕСКЕРТПЕЛЕР АЙТТЫ. ҮЛКЕН ҮМІТПЕН ЕЛ ТАҒАТСЫЗДАНА КҮТІП ОТЫРҒАН ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ КЕШЕУІЛДЕУІНЕ НЕ СЕБЕП?

Ұзындығы 1000 шақырымнан асатын жол құрылысы аяқталғанда, Атырау тоғыз жолдың торабына айналып, көлік инфрақұрылымы жаңа белеске көтеріледі. Бүгінде жол құрылысының бар болғаны 60 шақырымы ғана пайдалануға берілген. Ал, бөлінген қаражатта есеп жоқ. Ақтөбе– Атырау–Астрахан күре жолын қайта жаңғырту жобасының құны 87 млрд. теңге десек, соның 56 млрд-ы ұзындығы 277 шақырымдық Атырау– Астрахан аралығына бөлінген. Бірақ, жол жұмысы жанданар емес. Мұның себебі неде? Біз осы сауалды Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты Сəлімжан Нақпаевқа қойған едік.

– Атырау – Астрахан жолының құрылысы туралы көп айтылып та, жазылып та келеді. Сын-ескертпелер де жеткілікті. Жол құрылысы 2023 жылы аяқталуы тиіс болатын. Бірақ, қателіктерге байланысты ол мерзім кейінге шегеріліп отыр.

– Б и ы л а с ф а л ь т т і ң б і р ж а б ы н д ы с ы м е н жолды пайдалануға беру т у р а л ы И н д у с т р и я ж ə н е и н ф р а қ ұ р ы л ы м д ы қ д а м у министрлігінің уəдесі бар еді. Алайда, ол да орындалмайтын с ы ң а й л ы . Б ү г і н г і т а ң д а жолшылардың көтеріп отырған мəселесі – қиыршық тастың жетіспейтіндігі. Тасымал вагондардың жетімсіздігінен басқа да құрылысқа қажетті инертті материалдар уақытылы к е л м е й д і . Б и т у м т а п ш ы . Анығында, жылына 83 млн. тонна қара алтын өндіретін Қазақстан секілді елде битум жоқ деген күлкілі емес пе? Оны да мемлекет басшысы орынды сынға алды. Басқа да жол құрылысы барысындағы заңсыздықтар мен былықтар көп. Еліміз үшін ерекше маңызға ие жоба туралы бұқара халық хабардар болып отыруы керек қой.

– Сіз жолдың əлеуметтік маңызымен қоса саяси стратегиялық мəні туралы айтып қалдыңыз. Соны тарқатып берсеңіз…

– Бұл жобадан облыс тұрғындары үлкен үміт күтеді. Бастысы, қатынас қалыпқа келіп, шағын жəне орта бизнестің дамуына жол ашылады. Қазірдің өзінде Құрманғазы ауданындағы 12 елді мекеннің маңынан дəмханалар мен көлік жөндеу орталықтары үшін 40-қа тарта жер телімі берілгені белгілі болды. Ал, Ақтөбе мен Атырау арасындағы жол бойынан Қызылқоға ауданының 32 кəсіпкері түрлі шайхана, қ о н а қ ү й , к ө л і к ж ө н д е у орталықтарының құрылысын бастап кетті. Бұл шағын ж ə н е о р т а б и з н е с ү ш і н үлкен мүмкіндік емес пе? Сөзіміздің басында аталған жобаның еліміздің транзиттік ə л е у е т і н а р т т ы р а т ы н ы н а й т қ а н б ы з . М ы с а л ы , Астрахан бағытындағы жол құрылысының созылуынан Ақтау порты мен Орта Азиядан тасымалданатын жүк тасымалы үлкен кедергілерге тап болып отыр. Жүргіншілер қазірдің өзінде Ресей арқылы Еуропаға шығу үшін 400 шақырым айналыс жасайды екен.

– Жоба толық аяқталғанда бұл жол екі жолақты халықаралық стандарттарға жауап бере алатын үлкен автомагистралға айналады. Тағы бір ерекшелік – жолдың енінің 9 метрге дейін ұлғайтылатындығы. Сондай-ақ бұл транзиттік жүк көліктеріне арналғандықтан əр білікке түсетін салмақ 13 тоннаға дейін артады. Демек, «үлкен транзиттік көліктерге де кедергі жоқ» деп қуандық. Бірақ, жобаның қайта-қайта өзгеріске ұшырауы себепті жол құрылысында да өзгеріс болды ма?

– Еліміздің транзиттік қ у а т ы н а р т т ы р у к е з е к күттірмейтін мəселе. Бүгінде Қазақстан Еуропа мен Азия құрлығын қосып отырған дəлізге айналып келеді. Осы жағдайды пайдаланып еліміздің көлік[1]логистикалық əлеуетін одан əрі арттыруымыз керек. Ол үшін алдымен ішкі автокөлік ж о л д а р ы н д ұ р ы с т а у д ы ң қажеттілігі туындайды. Президентіміз 2025 жылға дейін республикалық жолдың кемінде 95 пайызын жақсарту туралы тапсырма берді. Бұл өте өзекті жəне өміршең жоба. Оны жергілікті халық та үлкен үмітпен күтіп отыр. Атырау облысында автокөлік жолына қатысты екі ірі жоба қолға алынғаны белгілі. Оның бірі – біз əңгіме етіп отырған республикалық маңызы бар Ақтөбе–Атырау–Астрахан автомагистралі болса, екіншісі – Индер, Қызылқоға аудандарын жалғайтын Индер–Қарабау күре жолы. Оның ұзындығы 80 шақырымды құрайды. Бүгінде Индер–Қарабау аралығындағы жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жоба бойынша құрылыс 2025 жылы аяқталады делінген. Бірақ, оны ерте іске қосуға мүмкіндік бар. Енді өзгерістерге келетін болсақ, Ақтөбе бағытынан келетін ауыр жүк көліктерін қалаға кіргізбей, Махамбет ауданындағы көпір арқылы Таңдай ауылының үстімен Ресейге шығаруға болады. Бұл жағдай жобаның бастапқы үлгісінде бар еді. Кейін қаражатқа байланысты іске аспай қалды. Сондай-ақ, Махамбет ауданы арқылы Орал қаласына да кідіріссіз шығуға болады. Демек, аталған а в т о м а г и с т р а л ь а р қ ы л ы облыстың барлық ауданына шығуға мүмкіндік туады.

– Əңгімеңізге рахмет.

Арыстанбек КЕНЖЕ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз