Тасқын кезінде дүниеге келген сәби Атыраудағы эвакуациялық пунктте

bez imeni 6 e1713159904510 Қоғам

Атырау қаласындағы APEC PetroTechnic колледжіндегі эвакуациялық пунктте ерекше қарбалас. Өйткені бұл жерге анасымен бірге Жылыой ауданындағы су тасқынынан кейін дүниеге келген кішкентай бөбек орналасты. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова хабарлады.

–Жаңа дүниеге келген нәресте бөлек күтімді қажет етеді. Гигиеналық заттарын, қажетті жиһаздарын жинақтап бөлмесін жасақтадық. Қазір пункте 39 адам бар. Оның 17-сі балалар. Қолдан келген көмегімізді жасап жатырмыз, – дейді колледж директорының орынбасары Данагүл Жайлаубаева.

Құлсары қаласының тұрғыны Анар Жұман 3 баласымен Теңіз қалашығына эвакуацияланған. Кейін аяқ асты толғағы қысып Атыраудағы облыстық перзентханаға жеткізіліп, 4-ші сәбиін өмірге әкелген. Әзірге алыс жолға шығуға әлсіз болғандықтан, дәрігерлер қалада қалуға кеңес берген.

–Мұнда біздің барлық жағдайымызды жасап жатыр. Теңіз қалашығында қалған балаларым қасыма жеткізілді, – дейді жас ана.

Мәлике МӘЛІК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз