Су бергеннің сауабы бар, су төккеннің жауабы бар

a43683d33b40f413228d54e3c6ed4a2f 12 Қоғам

Су тамшыдан құралады. Бір кезде шыңырау құдықтан қауғалап су тартып, оны түйе арбаға артқан меспен тасып күнелткен шақта, атамыз қазақ «өтелек қазған өлгенін білмейді» деп нақыл сөз қалдырған екен. Одан бері де құм арасындағы тұщы құдықтан иінағашпен су тасып жүрген аналарымыздың да бейнеті зор-тұғын. Бірақ, соның бәрі де судың да сұрауы боларын жақсы түсінді. Енді ше?! Бүгінде үйдегі шүмектен сарқырап тұрса да, оны ретіне қарай үйлестіріп жұмсауды түйсіне алмай келеміз. Абзалы, әр тамшы суды үнемді тұтынсақ, тұтас бір өзенді сақтағанымыз. Сондықтан, су үнемдеуді, оның көзін сақтауды әр адам алдымен өзінен бастаса, құзырлы мекемелер өзіне қатысты мәселені жедел қолға алса, шешілмес проблема жоқ. Осы мақсатта облыстық «Atyraý» қоғамдық-саяси газеті жаңа жобаны қолға алып отыр. «Сауап пен Жауап» деп атаған бұл жобаға ата-бабамыздың ұрпағына қалдырған «Су бергеннің сауабы бар, су төккеннің жауабы бар» деген астарлы ғибраты негіз болды. Жобаның тұсаукесері өткен аптада редакцияда «дөңгелек үстел» форматында басталды. Бұл жарияланым – алғашқы бастамасы, мәселенің мәнісі мен жобаның барысы, сараптамалар мен сұхбаттар газеттің алдағы нөмірлерінде тұрақты жарияланып тұрады.

ЖАҺАНДЫҚ ЖЫЛЫНУДЫҢ САЛДАРЫНАН ЖЕР БЕТІНДЕ ІРІЛІ-ҰСАҚТЫ ӨЗЕНКӨЛДЕРДІҢ СУЫ ТАРТЫЛЫП, АШЫҚ СУ БАССЕЙНДЕРІНІҢ ЖАҒАСЫНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАСЫ МЕН ЭКОЛОГИЯСЫНА АЙТАРЛЫҚТАЙ ЗИЯН КЕЛІП ОТЫРҒАНЫ АҚИҚАТ. БҰЛ МӘСЕЛЕ БАСТАУЫН РЕСЕЙДЕН АЛАТЫН ЕДІЛ МЕН ЖАЙЫҚ ӨЗЕНДЕРІН ДЕ АЙНАЛЫП ӨТКЕН ЖОҚ. АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРМЫСТІРШІЛІГІ ДЕ ОСЫ ҚОС ӨЗЕНГЕ ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ. СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ ЖАЙЫҚ СУЫНЫҢ КӨЛЕМІ ХАЛЫҚТЫҢ КӨЗ АЛДЫНДА ЖЫЛДАН-ЖЫЛҒА АЗАЙЫП БАРАДЫ. БІРІН-БІРІ ТУРАП АЛАСҰРҒАН ТОЛҚЫННЫҢ ДА МЫСЫ БАСЫЛЫП, ЖАЙЫЛМА ТҮГІЛІ, ЖАҒАЛАУДЫ ДА БҮГІНДЕ ҚҰМ БАСҚАН.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 1 қыркүйекте халыққа арнаған Ж о л д а у ы н д а д а , с о ң ғ ы ө т к е н саммитерде де трансшекаралық өзендер мəселесіне бірнеше мəрте тоқталып, оны реттеу жұмыстарын дер кезінде қолға алуды, тіпті, өзендерді сақтаудың жобасын дайындауды бастама етіп көтерді. Сондықтан, бұл тек біз емес, баршамыз үшін назардан тыс қалдыруға болмайтын, кезек күттірмейтін басты əрі ортақ мүддеміз болмақ.

screenshot 15 2

Назарбек ҚОСШИЕВ, «Atyraý» газетінің бас редакторы:

– Алысқа б а рм а й – а қ , о бл ы с о рт а л ы ғ ы н алайық. Қаланы ауыз сумен қамтып отырған жалғыз артерия – Жайық өзені. Бұл өзеннің суын біз ғана емес, сонау Башқұрт жерінен бергі халықтың бəрі тұтынып отыр. Қазір климаттың жылынуынан су көздері күннен-күнге тартылып барады. Жасыратын не бар, енді Еділ мен Жайық тартылса, Каспийдің де халі мүшкілдене түсері анық. Демек, біздің қолымыздан не келеді?

screenshot 16 4

Асан НҰРҒАЛИЕВ, Атырау облысы Энергетика жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы б а с қ а р м а с ы б а с ш ы с ы н ы ң орынбасары:

– Алдымен, суды үнемдеу мəселесін қарастыру керек. Оның бірінші механизмі – суды қайта өңдеп пайдалану.

Бүгінде Атырау қаласының сол жақ жағалауында кəрізді тазалау қондырғысы іске қосылды. Бұл нысанды 2023 жылдың 1 қаңтарынан б а с т а п , « А т ы р а у о б л ы с ы С у арнасы» коммуналдық мемлекеттік кəсіпорнына сенімді басқаруға бергелі отырмыз. Өндірістік қуаты – тəулігіне 60-65 мың текше метр. Бүгінде 20 мың текше метр техникалық су беріп отыр. Осы жерде «қайта өңделген суды қайда пайдаланамыз?» деген заңды сұрақ туындауы мүмкін. Оған бола абыржушылық туғызуға болмайды, б ұ л с у д ы ң с а п а с ы з е р т т е л г е н , техникалық бағытта қолдануға рұқсаты бар. Құрылыс пен егінге, көгал суарып, өндіріс ошақтарына пайдалануға əбден болады.

Қазірдің өзінде «АстраханМ а ң ғ ы ш л а қ » с у қ ұ б ы р ы н ы ң тұтынушылары – ірі өндіріс орындары (көпшілігі кəсіпшіліктер) судың тарифі (500 теңге – авт.) қымбат болған соң, техникалық суды арзанға пайдалану үшін сұраныс беріп отыр. Əзірге қала сыртындағы осындай өндіріс ошақтарымен жұмыс жасап жатырмыз. Себебі, қаланың ішіне жүргізуге біріншіден көп қаражат керек, екіншіден барлық жерге коммуналдық желі тартылғандықтан, авариялық жағдайлар туындайтыны анық.

screenshot 17 4

Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВА, «Тұтынушылар құқын қорғау жəне бəсекелестікті дамыту» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

– Меніңше, бұл мəселені бюджетке енгізу қажет. Техникалық суды пайдаланушыларды көбейту үшін су құбырын тарту керек пе? Оған қанша шығын кетеді? Осы сұрақтардың жауабын іздестіріп алған да артық болмайды. М ы с а л ы , Қ ұ л с а р ы қ а л а с ы « А с т р а х а н – М а ң ғ ы ш л а қ » с у құбырынан 15 мың текше метр су алып отыр. Ал, Атырау қаласы жаз айларында орта есеппен тəулігіне 120 мың текше метр, облыс бойынша 200 мың текше метрден астам ауыз су

пайдаланылып отыр. Осы көлемнің қанша пайызын қайта өңдеп, халыққа ұсына аламыз?! Су тұтынуға қатысты мұндай есеп-қисапты жан-жақты зерделеп отырған тиісті құрылым да, маман да тапшы. Сол себепті, осының бəрін толық талдап, зерттеулер жүргізген соң техникалық-экономикалық негіздемесін жасау керек.

screenshot 18 5

СҰРАҚ:

– Ы с ы р а б ы к ө п дүниенің таусылмайтыны жоқ. Ал, суды үнемдеу үшін нендей тетік қарастырылған?

Ш ы ң ғ ы с А Р Ы С Т А Н О В , «Атырау облысы Су арнасы» КМК директорының экономикалық мəселелер жөніндегі орынбасары:

– Суды үнемді пайдалану үшін ең бірінші тетік – тарифті өсіру. Неге?..

Себебі, Атырауда жеке тұлға үшін ауыз судың тарифі – бар болғаны 64 теңге. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда əлдеқайда төмен. Яғни, соңғы жылдары судың тарифі көтерілген жоқ, керісінше арзандады.

Б і з г е қ а р а ғ а н д а , Қ а р а ғ а н д ы облысында суға дифференциалды тариф қойылған. Жеке тұлғаға – 96 теңге. Ал, заңды тұлға айына 5000 м³ су тұтынса – 340 теңгеден, одан артық пайдаланса – 726 теңгеден төлейді. Бюджеттік мекемелердің төлейтін тарифі – 740 теңге.

Тарифтің мұндай өзгермелілігі суды үнемді пайдалануға зор септігін тигізеді. Ал, Атырау облысында заңды тұлғалар үшін тариф – 213 теңге. Қарағанды облысындағы тарифтер құнымен салыстырғанда бұл өте арзан. Ал, өмірде арзан дүниенің қадірі де болмайтыны белгілі ғой. С о н д ы қ т а н , қ а з і р б і з д і ң кəсіпорында мамандар да тапшы. Ө й т к е н і , ж а л а қ ы с ы т ө м е н , технологиясы көне жұмысқа озық технологияның тілін білетін жастар келмейді. Осы проблемаларды елеп-екшей келіп, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен сөйлесіп, бюджеттік мекемелерге арнайы тариф енгізуге жұмыстанып жатырмыз.

Сондай-ақ, Жайықтың суын көп мөлшерде тұтынатын мекемелерге техникалық су тартылса жəне ауыз су алып отырған кəсіпкерлік нысандары пайдаланған суды қайта өңдеп, екінші рет техникалық мақсатқа пайдаланса, бұл да үлкен үнем болады. Олардан бізге жақсы табыс түседі, десек те, табыстан бұрын табиғи ресурсты сақтау мақсатында ысырапқа жол бермес едік.

Шынында, адамның санасында кез-келген жағдайда обал мен сауап деген болуы керек деп ойлаймын.

Асан НҰРҒАЛИЕВ, Атырау облысы Энергетика жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы б а с қ а р м а с ы б а с ш ы с ы н ы ң орынбасары:

– Суды үнемдеу үшін халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізу керек. Халық суды мақсатсыз пайдаланады. Су кранын себепсіз ашып кетіп, сарылдап ағып тұрады. Көпшілік көрсе де көрмеген болады, бірақ ауыз сумен көлік жуып, мал суаратын тұрғындар да бар. Сонымен қатар, Жайықтан су алатын мекемелерді қайта өңдеп пайдалануға көшіретін уақыт жетті деп ойлаймын. Бізде өзеннен суды ең көп алатын кəсіпорын – Атырау жылу-электр орталығы. Біздің есебіміз бойынша, тəулігіне 200 мың м³ өзен суын тікелей алып тұтынады екен. Ал, пайдаланылған суды ұзындығы 7 шақырымдық Перетаска каналына қайта төгіп жатыр. Біздің ұсынысымыз – соны суытып, кері пайдалану.

Осыған байланысты, бірнеше рет жиналыс өткіздік. Бірақ, Атырау жылу-электр орталығы мұны тиімсіз деп, алған бетінен қайтпай отыр. Ал, өзен – халықтың ауыз су ішіп отырған тіршілік нəрі екенін ескермей келеді.

СҰРАҚ:

– Балжан Ибатқызы, осындай жағдайда не істеуге болады? Ауыз суды қайта өңдеп пайдалану үшін Үкімет субсидия бөлуі керек пе?

Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВА, «Тұтынушылар құқын қорғау жəне бəсекелестікті дамыту» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

– Мұндай ұсынысқа оларда бір-ақ жауап бар – «бізде ақша жоқ!..» Оған еш күмəніңіз болмасын. А л , қ а р ж ы ж о қ д е й і к . Е н д і олар жасақтаған инвестициялық

даму бағдарламасын Энергетика министрлігіне ұсынып, өз жобаларын қорғауы тиіс. Оған табыс сол арқылы түседі. Жалпы, кез-келген монополист шығындар мен салықтан артылған табысты мекемені дамытуға жұмсауы керек. Бұл туралы Президент Тоқаев та халыққа Жолдауында айтты. Яғни, инвестор сол саланы қолға алып, пайда тауып отырғаннан кейін, өз ақшасын салуы керек. Өкінішке орай, бізде ондай мемлекеттік мүддені қара басынан жоғары қоятын монополист əзірге табылмай тұр.

СҰРАҚ:

– Соңғы жүргізілген тəуелсіз зерттеулерге сүйенсек, əлем елдерінің су пайдалану рейтингі бойынша Қазақстан 11-ші орында тұр екен. Демек, Атырау қаласында тəулігіне қанша көлемде ауыз су пайдаланылады? Оның ішінде жеке тұлға мен заңды тұлғаның үлес салмағы қандай?

Ш ы ң ғ ы с А Р Ы С Т А Н О В , «Атырау облысы Су арнасы» КМК директорының экономикалық мəселелер жөніндегі орынбасары:

– Қыркүйек айындағы мəліметтерге көз жүгіртсек, Атырау қаласында жеке тұлғалар бойынша 109 423 абонент тəулігіне 40191 м³ су тұтыныпты. Яғни, əр отбасы бір айда орта есеппен 11 м³ ауыз су пайдаланған. Ал, 5588 заңды тұлға тəулігіне 16608 м³ ауыз су тұтынады екен. Кəсіпкерлік нысандары бойынша тарата айтсақ, тəулігіне қонақүйлер – 395,83 текше метр, мейрамханалар – 418,05, көлік жуу бекеттері 275,20 м³ су тұтынған.

Мына қызыққа көңіл аударыңыз! Ең көп суды қажет ететін көлік жуу саласында цифрлар неге төмен?! Себебі, біздің мекеме соңғы екі-үш жылда кəсіпкерлермен тығыз жұмыс жасап, суды қайта өңдеп пайдалану ж ө н і н д е н а с и х а т ж ұ м ы с т а р ы н жүргізді. Міне, соның нəтижесінде 120 көлік жуу бекетінің 43-і бүгінде арнайы аппаратпен жабдықталды.

Құны 350-400 мың теңге тұратын жабдықты əлі күнге 77-сі орнатқан жоқ. Ауыз суды үнемдеп пайдалау мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын тоқтатпаймыз. Келешекте тағы да көбейте түсеміз. Бірақ, кəсіпкерлерді міндеттеуге немесе тексеруге біздің құзырымыз жүрмейді.

ТҮЙІН-ДӘЙЕК:

«ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» БАРЫСЫНДА ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА ҚАТЫСТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ БІР ПАРАСЫ ШАҚЫРЫЛДЫ, ҚАТЫСУШЫСЫ АЗ БОЛДЫ. *ӘРИНЕ, ТАҚЫРЫПТЫҢ ТҮЙТКІЛІ ДЕ, ТҮЙІНІ ДЕ КӨП. БІРАҚ, СУСЫЗ ТІРШІЛІКТІҢ СӘНІ ДЕ, МӘНІ ДЕ ЖОҚ. *ЖЕР ШАРЫНДА СУ ТҰТЫНБАЙТЫН АДАМ ДА, САЛА ДА ЖОҚ. СОНДЫҚТАН, БҰЛ МӘСЕЛЕНІ «МЕНІКІ ЕМЕС» ДЕП, ЫСЫРЫП ҚОЮҒА БОЛМАЙДЫ. ӘР ТАРАП ӨЗІНІҢ ОРНЫҚТЫ ОЙ-ПІКІРІ, НАҚТЫ ДӘЙЕК-ДӘЛЕЛІМЕН БӨЛІСТІ. ОДАН ОРТАҚ ТҮЙІН ЖАСАУ – КЕЛЕШЕКТІҢ ЕНШІСІНДЕ!

Салтанат АҚТƏЖИЕВА

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз