Бірлескен іс қашан да нәтижелі

img 20240407 wa0366 Қоғам

Біздің басты міндетіміз  – осындай сындарлы шақта елді ұйыстыру, ортақ мүдде төңірегіне топтастыру. Осы орайда қызылқоғалықтардың ісін өзгелерге үлгі ете отырып, атыраулықтарды да тілсіз жаумен бірлесе күресуге шақырамын. Халқымыздың ,,Бөлінгенді бөрі жейді» деген даналық сөзін ескере отырып, тек сенікі, менікі деп топқа бөлінбей, бейқамдыққа салынбай, ұйымдаса әрекет еткенде ғана бұл қиындықты еңсереріміз сөзсіз. Соны есте ұстап, дұрыс қадам жасап, ақылмен, сабырмен әрекет қылғанда ғана діттеген межеден көрінеріміз сөзсіз. Мемлекет басшысының халыққа жолдаған Үндеуінің мазмұн-мәтіні де біздің осы ойымызбен үндестік тапқандай.

Есенбай НҰРОВ, Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаты

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз