3,5 миллион бекіре шабағы – ЖАЙЫҚҚА!

shabak 3 Экология

«Атырау бекіре балық өсіру зауыты» балық ресурстарын молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Жайық өзеніне 3,5 млн. шоқыр, орыс бекіресі және сүйрік шабағын жіберді.

Бұған дейін ағымдағы жылдың 29 маусымында Атырау қаласында орналасқан екінші бекіре тұқымдас балық зауыты Жайық өзеніне 729 мың қортпа, 419 мың орыс бекіресі, 629 мың сүйрік пен 1,723 млн. шоқыр шабағын өсіріп шығарған болатын. Осылайша, жылдық жоспар ойдағыдай орындалып отыр.

Сонымен қатар, бәсекелестік ортадағы мемлекеттік тапсырыс аясында «Ақтау балық LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ағымдағы жылдың шілде айының соңында және тамыз айының басында Жайыққа қосымша 500 мың бекіре тұқымдас балық шабағын жіберетін болады.

Әділет ҚАНАТҰЛЫ

shabak 1
shabak 2
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз