ЖАНДЫ ЖАДЫРАТҚАН ІЗГІЛІК

Қазан айы жасы ұлғайған көмекке зәру және мүгедек жандарға қол ұшын беру қамқорлық айы болып жарияланды.

Осыған орай облыс әкімі аппаратының мүгедектер мәселелері жөніндегі кеңесшісі және облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Манап Абдрахимов «НКОК» компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі директоры Пьер Дельпонға өтініш жасаған болатын.  Онда облыстық мүгедектер қоғамына, атап айтқанда, бір облыстық және екі қалалық, жеті аудандық мүгедектер филиалына жаңа компьютерлер және қажетті байланыс құралдарын алып беру жайы көтерілген-ді. Міне, мәселенің айтылғанына көп уақыт өтпей, керекті құралдар аталған ұжымдардың барлығына дерлік жеткізілді. Онымен қоймай, мүгедектер қоғамдарының жұмыс орнына арнайы мамандар барып, құрылғыларды қондырып берді.

Осыдан-ақ қамқорлық нақты іспен дәлелденгенін байқауға болады. Бұл орайда «НКОК» компаниясы басшылығына ризашылығымыз шексіз.

 

С.ӨТЕҒАЛИЕВ,

Атырау қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы,

еңбек және соғыс ардагері,

ІІ топ мүгедегі.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз