Студенттерге құқық және қаржы сауаттылығы курсы ұйымдастырылуда

38e82b4f 435b 4116 9b00 e9cd41a928ae Экономика

«AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы  аясында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің  профессор-оқытушылар құрамы мен  студенттеріне  құқық және қаржы сауаттылығы курсы басталды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Жобаның басты мақсаты – жеке және отбасылық бюджетті үнемдеу мен  жоспарлау,  қазір халық көп тұтынатын тауар және сервиске арналған несиелерді пайдаланбай-ақ мақсатқа қол жеткізу, несиенің пайызын есептеу, қаржылық инвестиция құралдары, қор нарығы мен жалған компаниялардың алаяқтық әрекеттерін  ажырата білуді үйрету, тұрғындардың қаржы сауаттылығын арттыру.  

5242cbf3 b93d 4a50 b405 7acfc20fe4f2

Қатысушыларға жобаның сарапшысы Ақан Қайырғалиев  қаржы сауаттылығын арттырудың негізгі басты стратегияларын таныстырып, сұрақтарына жауап берді. Университеттегі оқу курсы – 3 қарашаға дейін созылады. 

48383c04 31a7 4ab8 bc8d f08c97bd8da4

Мемлекет басшысы өз Жолдауында былтыр аймақтарда пилоттық негізде басталған жобаны алдағы жылы барлық өңірде жалғастыруды тапсырды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз