«БИЗНЕС-ЖОСПАР»: ҚАҒАЗ МАЙЛЫҚТАР ӨНДІРУ ЖОБАСЫ

Кәсіпкерлікке ден қойып, жаңадан іс бастар алдында әрбір бизнес иесінің басында кездесетін бір мәселе бар. Ол – бизнес-жоспар құру. Тіпті, сауданың «сырын» бес саусақтай білетін тісқаққан саудагерлердің өзі де жоба бастар сәтте осы жайтқа келгенде тосылып қалатынын кездестіргеніміз бар. Әрине, ғаламтор беттерін парақтап, тынбай ізденсеңіз бизнес-жоспарлардың неше  түрін табуға болады. Бірақ, еріншектікпен немесе басқа да шаруашылықтың көптігінен мойын бұра қоймайды. Шын мәнінде, сарапшы-мамандардың пікірінше, тап-тұйнақтай бизнес-жоспар ғана табыс пен пайданың негізгі әліпбиі. Бұл ретте «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында осындай тегін жоспар жасатып алуға мүмкіндік туды. Ал, мұнайлы өлке кәсіпкерлерінің сенімді серігіне айналған «Бизнесмен» қосымшасы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның арнайы сайтындағы бизнес-жоспар үлгілерімен танысып, бірнешеуімен бөліскенді жөн санады. Сонымен...

Мәселен, қарапайым қағазмайлықтар өндіру жөніндегі бизнес-жоба осыдан екі жыл бұрын жасалыпты. Оның алғашқы бетінде мазмұны жазылады да, кейін кестелер тізімі беріледі. Түйіндемесінде тауарды өндірудің қаншалықты тиімді екені айтылады:

Түйіндеме

Бұл бизнес-жоба  Қазақстан  Республикасының  Оңтүстік Қазақстан  облысында  (ОҚО) «Қағазмайлықтар өндіру» жобасының қаржылық-экономикалық тиімділігі мен техникалық тұрғыда жүзеге асырылуын түсіндіру мақсатында әзірленді.

Компания қағазмайлықтар  өндірісін,  сақталуын  және  сатылуын  жүзеге  асыруды жоспарлап отыр.

Қағазмайлықтар тарату нарығы сауда мен қызметтер саласындағы кең ауқымды сала болып табылады.

Мақсаттық топ:

1.Супермаркеттер;

2.Шаруашылық және арнайы дүкендер;

3.Әмбебап және өнеркәсіптік тауар дүкендері;

4.Ашық базарлар;

5.Дүңгіршектер мен даладағы сөрелер…

Бұдан кейін жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар шығарылады, ал кіріспесінде материалдардың қандай дереккөздерден алынғаны туралы мәлімет бар. Одан әрі жобаның концепциясы беріледі:

Жобаның концепциясы

Бұл концепцияда қағаз майлықтар өндіру және оны ыдыстарға құю бойынша типтік компанияның  ашылуы  қарастырылған. Бұл  жоба бизнес-жоба  құрамы  бойынша қағазмайлықтар нарығындағы жаңа ойыншылар үшін көмекші құрал ретінде дайындалған.Бұл даму жолы ұсыныстық сипаты ие және тек жалғыз дұрыс әдіс деп қарастырылмайды. Жобада  жабдықтарға,  қызметкерлерге  және  өнімді  алға  жылжытуға  жұмсалатын шығындар  максималды  көрсеткіштермен  алынған. Нақты  жағдайларда  әр  иелік  етуші тұлға  оны  өзінің  қалауы  бойынша  тиімді  етіп  өзгерте  алады. Сонымен  қоса  барлық есептеулер  қала  жағдайларында,  халқы  500  мыңнан  асатын  жерде  жұмыс  істейтін кәсіпорын  үшін  жасалған,  ал  басқа  жерлер үшін  тиісті  өзгертулер  енгізу  керек. Сипатталған үрдістерде пайдаланылатын барлық жабдықтар, көліктер және жұмсалатын материалдар сапасы бойынша барлық талаптарға сай және қолданысқа ұсынылған.

Жобаның концепциясы мынадай:

1. Жобаның  территориялық  орналасуы:  Павлодар қаласының  өндірістік  аумағы, шикізат көзіне, демек, Павлодар қатырма қағаз зауытына жақын жер;

2. Орналастыру үшін ауданы 250 м2 болатын орын сатып алу:  a. Өндірістік цех -150 м2; b.Шикізат пен дайын өнім қоймасы – 50 м2; c.Әкімшілік-тұрмыстық жайлар -50м2.

3. Жабдықтар сатып алу, орнату және іске қосу-реттеу, пайдалануға тапсыру және қағаз майлықтар ассортиментін шығару;

4. Өнімді–ассортиментті  қағаз  майлықтар  сату, дайындалған  маркетингтік бағдарламаға сәйкес көтерме сатып алушыларға тікелей шарт негізінде сату.

Сонан соң өнімге сипаттама жасалып, өндіріс бағдарламасы беріледі. Нарықтық экономикаға көшкеннен кейін маркетинг саласы да дендеп енді. Себебі, маркетингтік жоспар тауардың рыноктағы жайы сипатталады:

4. Маркетингтік жоспар

4.1 Өнім (қызмет) нарығының сипаты

Дәстүрлі түрде алғанда санитарлық-гигиеналық өнімдер саудасының нарығы мынадай сегменттерге бөлінеді: әжетхана  қағаздары, қағаз  сүлгілер, майлықтар, мұрын орамалдар, жаймалар,  косметикалық  орамалдар.

Нарықтың  әр  сегменті  өз  кезегінде қабаттылығына байланысты тағы да бірнеше қосымша сегменттерге бөлінеді, ал басқа сегменттерде түр бойынша өнім атаулары –1-ден бастап 3-ке дейін. Соған қоса қабаттарының санына байланысты өнімнің бағасы да әртүрлі болып келеді: қабат артқан сайын баға да өсе береді. Қысқаша, бағасына бұйымды дайындауға пайдаланылатын технология мен оның әртүрлі сипаттамаларын жақсартуға қолданылатын заттар да әсер етеді. Мысалы, премиальды әжетхана қағазы үшін талап –жұмсақ болу және сонымен бірге мықты болу, суда жақсы еріп кету, ал қағаз сүлгілерге талап –керемет абсорбциялық қасиеті болу.

 “Тissue” нарығының ұлттық ерекшелікпен сипатталатындығын да айта кету керек, бұл ең алдымен елдің гигиеналық заттарды сатып алып пайдалануына негізделген. Сонымен, мысалы 2004 жылы  АҚШ  пайдалану  деңгейі  адам  басына  жылына 20  келіден  артық болған, Жапонияда -12 келі, Батыс Еуропада -11-12 келі, Ресейде орташа есеппен бір адам  басына  небәрі 1-1,5  келі санитарлық-гигиеналық  қағаз  майлық  өнімдері  келеді. «Астер» компаниясының  деректері  бойынша  бүгінде  бұл  көрсеткіштер  екі  есе  артқан. Осыған  байланысты санитарлық-гигиеналық  қағаз  бұйымдарының  нарығы FMCG өнеркәсіптік емес тауарлар саудасы сегменті бойынша дамуға қолайлы деп саналады.Ақпарат көзі: “Целлюлоза. Бумага. Картон” журналы, No 03/2010. 

Қазақстанның  шекарасынан  тыс  жерлерде санитарлық-гигиеналық  қағаз  өнімдерін “Тissue” сөзімен  атайды. Мамандардың  бағалауларын 2011 жылы  гигиеналық қағаз өнімдердің орташа есеппен жан басына пайдаланылуы жылына 1,3 келі болды, ал отандық нарықтың орташа жылдық көлемі нақты өрнектеліммен алынғанда 20 мың тонна болды.  «ГфК» компаниясы үш  тоқсанда нарықтың  нақты өрнектеліммен  алғанда 2010 жылдың ұқсас кезіндегісімен салыстырғанда 7%-ға артқандығын және бағалық өрнектелімде 22%-ға артқандығын айтып отыр. Бүгінгі таңдағы көрсеткіштерге сай нарықтың көлемі 7-9%-ға артқан, ал  мұндай  қарқын сарапшылардың  пікірінше  алдағы  жылдардада сақталады.  «Step  by  Step» зерттеу  компаниясының  мамандары  қағаз гигиеналық  бұйымдардың  астаналық  нарығы  тұтас  қазақстандық  нарықтың 35,7%-на тең  деп анықтады.

Нарықтың қатысушылары сатулардың 50%-ы дәретхана қағазын құрайтындығын айтады, 30%-ы мұрын орамалдар мен косметикалық орамалдар. Соңғы жылдарға тән ерекшелік қағазмайлықтар мен сүлгілер сегментінің қатыстық үлесінің артуынан, бұл бағыт бойынша мамандар  нарықтың 15%-ға өскенін  анықтады.

Осылайша,  майлықтар  екінші кең  тараған 12 сегмент болып табылады және «Step by Step»МА деректері бойынша оларға нарықтың 15-тен  20%-ға дейінгі  үлесі  тиесілі. Қазақстандағы  қағазмайлықтар  өндірісі  өсудің қарқындылығына  қарамастан  жоғары  сапалы  негіз  үшін  қолданылатын  қағаз болмағандықтан  кідіріп  тұр. Сала  бойынша көптеген  кәсіпорындар майлықтық  қағазды пайдаланады,  оның  тұтынушылық  қасиеттері,  сапасы  жақсы  өнім  шығаруға  мүмкіндік бермейді. Бүгінгі таңда майлық өндірісінің 90% жуығы —төмен сұрыпты бір қабатты өнім, ал  екі,  үш  қабатты  әрленген,  суреттелген  сапалы  майлықтардың 90% -шетелдік компаниялардың өнімі.

Әрі қарай, өнімнің нарықта алға жылжуы бағаланып, маркетинг стратегиясы тарату әдістері және арналары, оны ынталандыру жөнінде мәлімет беріледі. Ал техникалық жоспарлау деп аталатын үлкен тарауда өндірістік жай және қойма мен кеңсеге арналған жай, өндірістік ресурстар, жабдық сатып алу бағдарламасы айтылады, сонан соң ұйымдастыру, басқару және қызметкерлер, жобаны жүзеге асыру, пайдалану шығындары, жалпы және әкімшілік шығындар есептеледі.

P.S: Түйіндеп айтқанда, бизнес-жоспар-бастапқы идеяңыздың қағаздағы нұсқасы. Жоғарыда аталғандардың барлығы дерлік жобаңызда нақты есептеліп, толықтай жазылса сіздің бастамаңыз табысқа бастар жол боларына сенімдіміз. Осы орайда «шығын шықпай, кіріс кірмейді» деген қанатты сөз еріксіз ойға оралады. Сіз қалай ойлайсыз? Пікіріңізбен бөліскіңіз келсе, 45-85-14 телефон нөміріне хабарласыңыз немесе aibupe_sm@mail.ru электрондық поштасына хат жазыңыз!

Әзірлеген Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ.  

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз