БІРЕГЕЙ КӘСІПОРЫНДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ ІС

«АтырауМұнайМаш» машина жасау зауыты – еліміздің мұнай-газ кәсібіндегі жабдықтарды және оның қосалқы бөлшектерін шығару мен қызмет көрсету тәжірибесі бар мамандандырылған кәсіпорындардың бірегейі. Бүгінде компания мұнай-газ жабдықтарын жобалау, дайындау және жөндеу бойынша толық қызметтер спектрін көрсетуге арналған айтарлықтай өндірістік қуатқа ие. Теңіз кен орнындағы заманауи зауытты салу ісіне өз үлесін қосуды мақсат еткен отандық кәсіпорынның бірі. Осыдан бір жыл бұрын қазақстандық-британдық форум аясында «АтырауМұнайМаш» зауыты мен британдық «HARE» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы шартқа  қол  қойылған болатын. Осы шартқа сәйкес,  аталған зауыт Теңіздегі жаңа зауыт құрылысына екі мың тонна металл құрылғысын дайындауы тиіс. 

Атыраулық машина жасаушылар дайындаған металл құрылғылардың сапасы тапсырыс беруші «Теңізшевройл» ЖШС көңілінен шықса, олар қосымша тапсырыс жасауды жоспарлап отыр. Бұдан бұрын Атырау облысында осындай зауыт салу кезінде барлық металл құрылғылары Қазақстаннан тыс жерлерде әзірленген болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз